Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
жарияланымдар
13
03.13
Біздің Жұмагүл . . .
 

Біздің  Жұмагүл . . .

 

                                           

 Біздің мекеменің сату және өткізу қызметінің  халықпен жұмыс жасайтын бақылаушылары ауа-райының қиындықтарына қарамастан, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, үлестерін қосып келеді. Біз ұжымдастарымызды мақтан тұтамыз.

Біреулер көз майын тауысып, он саусағы майысып кесте тіксе, біреулер ағаштан түйін түйеді, енді біреулер бұлбұлды төрінде сайратып, құс өсіріп, бірі балық асырайды, кейбіреу ескі тарихи жәдігерлерді жинау арқылы жанының жалауын желбіретсе, екіншілері ою өрнектеу арқылы көңіл құсын қияға сермейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз ұжымда қызмет етіп өз еңбегімен  еленген  «АтырауЭнергоСату» ЖШС-нің №3 учаскесінің бақылаушысы Жұмагүл Бағдаулетқызы Байдәулетова туралы айтпақпыз. Жұмагүл Бағдаулетқызы жұмыста алғыр, ұқыпты халықпен жұмыс жасай біліп, жарық пен жылу есептегіш көрсеткішін бақылайды. Энергетика саласындағы, өндірістегі абыройлы еңбегі үшін басшылардың құрмет грамотасымен марапатталды. Жұмагүл отбасында 3 бала тәрбиелеп отырған ана.

…Жыл сайынғы дәстүр бойынша энергетиктер мекемесінде  қазақтың ақшаңқан киіз үйлері тігіліп, мерекелік концерттер қойылып, халық қызыл-жасылды ұлттық киімдерін киіп,  ұйымдастырылатын наурыз мерекесінде  Жұмагүл наурыз көжені дәмді дайындайды. Айта берсе, Жұмагүлдің біз білмейтін қырлары бар. Әдетінен мінезіне айналған сүйікті ісі – гүл өсіру екен. Жұмагүлдің  айтуы бойынша, ес біліп, етек жиғалы бері білетіні –  гүл өсірумен айналысып келеді екен. Қысы-жазы терезенің алды түрлі-түсті гүлге жайқалып тұрады...

Біз, энергетика саласының қызметкерлері, Жұмагүлді мақтан тұтамыз. Алдағы уақытта  арамызда осындай мамандар көбейе берсін демекпіз. Ұжымдастар атынан қызметіне табыс, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!

 

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.