Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығы
 

Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығы

(2020.06.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және 18-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

 

Қ. Бозымбаев

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 23 қазандағы

№ 356 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың

 үлгілік шарты

 

________________________

«____» ___________ 20___ ж.

         (шарт жасасу орны)

(шарт жасасу күні)

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын _____________________________________________,

    (энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы)

«____» __________ _____ж. № _______ лицензияға сәйкес тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жүзеге асырушы, бұдан әрі Сатушы деп аталатын, _________________________________________________________________

                                               (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

атынан, _____________________________ негізінде әрекет етуші, бір тараптан

және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын ________________________________________

                                                                                     (тегі, аты, әкесінің аты)

немесе _______________________________________________ негізінде әрекет

етуші оның өкілі____________________________________________________________

                                                          (тегі, аты, әкесінің аты)

төмендегілер туралы осы электрмен жабдықтау шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

 

 

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) есептік кезең - тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылатын электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;

2) тұрмыстық тұтынушы - электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын жеке тұлға;

3) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

4) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесі - электр энергиясы мен қуаты шығынын анықтауға арналған коммерциялық есепке алу құралдарының жиынтығы (электр энергиясын есептеуіш, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторлары) және өзара белгіленген схема арқылы жалғанған құрылғы (коммутациялық аппарат);

5) электр энергиясын сату нүктесі - энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электр энергиясын беру туралы шарты бар энергия беруші ұйымның жауапкершілігі шекарасында орналасқан нүкте.

Осы Шартта қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мен табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

 

2-тарау. Шарттың мәні

 

2. Сатушы сату нүктесіне дейін Тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндеттенеді.

3. Шарт Тұтынушымен оның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымның желісіне тікелей қосылған жабдығы мен коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда ғана жасалады.

 

 

3-тарау. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу

 

4. Сатушы берген және Тұтынушы қабылдаған электр энергиясының көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткішімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есептік жолмен анықталады.

5. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны осы Шартқа қосымшаға сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесінде көрсетіледі.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі.

Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде Тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Көрсеткіштерді алу және төлем құжаттарын төлеу кезінде Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуы бойынша алты айдан аспайтындай мерзім ішінде есепке алады.

 

 

4-тарау. Электр энергиясы үшін ақы төлеудің тәртібі

 

7. Тұтынушы төлемді Сатушы берген төлем құжаты негізінде есептік айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Есептік кезең бір күнтізбелік айды құрайды.

Смарт-картасы бар коммерциялық есепке алу аспаптарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, Тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 7-1-тармақпен толықтырылды

7-1. Егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 7-2-тармақпен толықтырылды

7-2. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады.

Осы Шарттың акцептінде тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда, төлем құжаттарын және қарыздардың болуы туралы хабарламаларды интернет-ресурс немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы ғана алуға жол беріледі.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 7-3-тармақпен толықтырылды

7-3. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс орнатқан жағдайда, электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын орнатқан жерге дейінгі учаскедегі электр энергиясының шығындары шарт негізінде теңгерімінде желінің көрсетілген учаскесі тұрған иегердің меншігіне жатқызылады және Тұтынушының келісімі бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның есептік жолымен анықталады.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 7-4-тармақпен толықтырылды

7-4. Тұтынушылар кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама алады.

8. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларға 3 (үш) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды.

 

 

5-тарау. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Тұтынушы:

1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын алуға;

2) электр энергиясын оған қажетті мөлшерде пайдалануға;

3) жасалған шарттың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты залалды өтеуді талап етуге;

4) шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;

5) тұтынылған электр энергиясы үшін оны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша ақы төлеуді жүргізуге;

6) Сатушыны күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ету және тұтынылған электр энергиясы үшін толық ақы төлеу талабымен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

7) тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша есептеулерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, төлем құжатын Сатушыдан талап етуге;

8) қызмет көрсетуші энергиямен жабдықтаушы ұйымды жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға ауыстыруға құқылы.

10. Тұтынушы:

1) ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;

4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;

5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.

 

 

6-тарау. Сатушының құқықтары мен міндеттері

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Сатушы, энергия беруші ұйымды қатыстыру арқылы:

1) төлем болмаған, сондай-ақ шартта белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін толық төленбеген жағдайда кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын тұтынушының шарт акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) көрсетілген тәсілдермен тұтынушыны хабардар ете отырып, электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға;

2) шартты жасаумен немесе орындалуымен байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Сатушы:

1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын беруге;

2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге;

3) Тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен электр энергиясы үшін төлемегені немесе толық төлемегені үшін электр энергиясын беруді тоқтата тұрғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тұтынушыны хабардар етуге;

4) Тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, олардың өзгеруі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарландыру орналастыру жолымен, сондай-ақ төлем құжаттарындағы осы өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып хабардар етуге;

5) Тұтынушыдан өзіне берілген электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыдан өзіне берілетін электр энергиясы үшін интернет-ресурстар немесе терминалдар, төлем агенттері, төлем ұйымдары сияқты қосымша көздер арқылы төлемдер қабылдауға жол беріледі;

6) тұтынылған электр энергиясы үшін төлем құжатын Тұтынушыға ай сайын ұсынуға;

7) энергия беруші ұйымдар тарапынан жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты электр энергиясын берудің жоспарлы тоқтатылғаны туралы тұтынушыны ажыратқанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей хабардар етуге;

8) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге міндетті.

 

 

7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

 

13. Электрмен жабдықтау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тараптар нақты келтірілген зиянды өз еркімен өтеуге немесе келіспеген жағдайда сот шешімі бойынша өтеуге міндетті.

14. Тараптар форс-мажор (зілзалалар, әскери әрекеттер, террористік актілер) жағдайларынан туындаған, сонымен қатар тараптардың еркінен тыс болған түрлі (электр беру желілерінің және басқа жабдықтардың зақымдалуы немесе ұрлануы) жағдайларда электр энергиясын берудегі үзілістер үшін материалдық жауапты болмайды.

 

 

8-тарау. Қорытынды ережелер

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15. Шарт Тұтынушы қосылған желіге нақты қосылған сәттен бастап жасалған және бір жыл мерзімге жарамды болып есептеледі.

Тараптардың бірінің мерзімнің аяқталуы туралы Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол белгіленбеген мерзімге және оны жасасу кезінде Шартта көзделген талаптарда ұзартылған болып есептеледі.

16. Осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты Сатушы мен Тұтынушы арасындағы барлық даулы мәселелер туындаған жағдайда, Сатушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде даулы мәселені өз еркімен шешу үшін Тұтынушыға хабарлайды.

17. Шартқа тараптардың келісуімен енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылып, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ресімделеді.

 

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 9-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-тарау. Тараптар деректемелері

 

Сатушы

Тұтынушы

_________________________

______________________

_________________________

______________________

_________________________

______________________

 

 

Тұрмыстық тұтынушыларға

арналған электрмен жабдықтаудың

үлгілік шартына қосымша

 

 

Коммерциялық есепке алу аспаптарының

тізбесі

 

№ р/р

Атауы

Есептеуіш типі

Зауыттық нөмірі

Ток

трансформаторлары

Коэффициентті

есептеу

1

2

3

4

5

 

Энергия беруші (энергия өндіруші)                                                 Тұтынушы:

ұйым

_________________________                                                           ______________________

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 23 қазандағы

№ 356 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға

 арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты

 

________________________

«____» ___________ 20___ ж.

          (шарт жасасу орны)

(шарт жасасу күні)

_________________________________, «____» __________ _____ж. № _______

          (энергия беруші ұйымның атауы)

лицензияға сәйкес тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жүзеге асырушы,

бұдан әрі Сатушы деп аталатын, ________________________________________

                                                                     (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

атынан, _____________________________ негізінде әрекет етуші, бір жағынан

және бұдан әрі Тұтынушы _____________________________________________

                                                                   (тегі, аты, әкесінің аты)

немесе _______________________________________________ негізінде әрекет

етуші оның өкілі______________________________________________________

                                                     (тегі, аты, әкесінің аты)

бұдан әрі Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы электрмен жабдықтау шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

 

 

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) есептік кезең - тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылатын электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;

2) тұтынушы - шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

3) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

4) электр энергиясының коммерциялық есепке алу жүйесі - электр энергиясы мен қуаты шығынын анықтауға арналған коммерциялық есепке алу құралдарының жиынтығы (электр энергиясын есептеуіш, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторлары) және өзара белгіленген схема арқылы жалғанған құрылғы (коммутациялық аппарат);

5) электр энергиясын сату нүктесі - энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электр энергиясын беру туралы шарты бар энергия беруші ұйымның жауапкершілігі шекарасында орналасқан нүкте.

Осы Шартта қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мен табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

 

2-тарау. Шарттың мәні

 

2. Сатушы сату нүктесіне дейін Тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндеттенеді.

3. Шарт Тұтынушымен оның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тікелей электр желілеріне қосылған жабдығы мен коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда ғана жасалады.

 

 

3-тарау. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу

 

4. Сатушы берген және Тұтынушы қабылдаған электр энергиясының көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткішімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есептік жолмен анықталады.

5. Электр энергиясын рұқсатсыз тұтынуға жол бермеу мақсатында электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның пломбалары болуға тиіс.

6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесінде көрсетіледі.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі.

Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде Тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Көрсеткіштерді алу және төлем құжаттарын төлеу кезінде Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуы бойынша алты айдан аспайтындай мерзім ішінде есепке алады.

8. Тұтынушы кезекті жылға электр энергиясын тұтыну шамасын анықтау үшін жеткізу жылының алдыңғы жылы басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясын беру туралы алдын ала өтінім береді.

 

 

4-тарау. Электр энергиясы үшін ақы төлеудің тәртібі

 

9. Тұтынушылар төлем құжатын ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде немесе Тұтынушы мен Сатушы арасындағы келісім бойынша Шартта келісілген мерзімде төлемді өтейді. Заңды тұлға болып табылатын Тұтынушы алдыңғы айдың 26-күніне (жиырма алтысына) дейін осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда электр энергиясын жеткізу туралы алдын ала өтінімді Сатушыға береді және келіседі. Егер төлемнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда ең жақын келесі жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.

Смарт-картасы бар коммерциялық есепке алу аспаптарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, Тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді.

10. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларға 3 (үш) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 10-1-тармақпен толықтырылды

10-1. Егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 10-2-тармақпен толықтырылды

10-2. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады.

Тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда интернет-ресурс арқылы ғана алуға жол беріледі.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 10-3-тармақпен толықтырылды

10-3. Тұтынушылар кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама алады.

 

 

5-тарау. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11. Тұтынушы:

1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын алуға;

2) жасалған шарттың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты залалды өтеуді талап етуге;

3) шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;

4) тұтынылған электр энергиясы үшiн ақы төлеуді сараланған тариф бойынша жүргiзуге;

5) Сатушыны күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ету және тұтынылған электр энергиясы үшін толық ақы төлеу талабымен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

6) тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша есептеулерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, төлем құжатын Сатушыдан талап етуге;

7) қызмет көрсетуші энергиямен жабдықтаушы ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға ауыстыруға құқылы.

12. Тұтынушы:

1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;

2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;

4)жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;

5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.

 

6-тарау. Сатушының құқықтары мен міндеттері

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Сатушы, энергия беруші ұйымды қатыстыру арқылы:

1) Тұтынушы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін шарттың акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) көрсетілген тәсілдермен Тұтынушыны ескерте отырып:

шартта белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем болмаған, сондай-ақ толық төленбеген;

шартта белгіленген электр тұтыну режимі бұзылған жағдайларда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға;

2) шартты жасаумен немесе орындаумен байланысты даулы мәселелер туындағанда сотқа жүгінуге құқылы.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14. Сатушы:

1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын беруге;

2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге;

3) Тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен төлемегені үшін электр энергиясын беру тоқтатыла тұрғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын Тұтынушыны хабардар етуге;

4) Тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, олардың өзгеруі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарландыру орналастыру арқылы, сондай-ақ төлем құжаттарындағы осы өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып хабардар етуге;

5) Тұтынушыдан өзіне берілген электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге;

Бұл ретте Тұтынушыдан өзіне берілетін электр энергиясы үшін интернет-ресурстар немесе терминалдар, төлем агенттері, төлем ұйымдары сияқты қосымша көздер арқылы төлемдер қабылдауға жол беріледі;

6) тұтынылған электр энергиясы үшін төлем құжатын Тұтынушыға ай сайын ұсынуға;

7) энергия беруші ұйымдар тарапынан жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты электр энергиясын берудің жоспарланған тоқтатылғаны туралы тұтынушыны ажыратқанға дейін 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге;

8) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге міндетті.

 

 

7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

 

15. Электрмен жабдықтау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тараптар нақты келтірілген зиянды өз еркімен өтеуге немесе келіспеген жағдайда сот шешімі бойынша өтеуге міндетті.

16. Тараптар форс-мажор (зілзалалар, әскери әрекеттер, террористік актілер) жағдайларынан туындаған, сонымен қатар тараптардың еркінен тыс болған түрлі (электр беру желілерінің және басқа жабдықтардың зақымдалуы немесе ұрлануы) жағдайларда электр энергиясын берудегі үзілістер үшін материалдық жауапты болмайды.

17. Тараптар өздерінің атаулары, заңды мекенжайлары, нақты тұрғылықты жерінің және осы Шарт талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелерінің өзгергені туралы бір-біріне жедел түрде хабарлауға міндеттенеді.

 

 

8-тарау. Қорытынды ережелер

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18. Шарт Тұтынушы қосылған желіге нақты қосылған сәттен бастап жасалған және бір жыл мерзімге жарамды болып есептеледі.

Тараптардың бірінің мерзімнің аяқталуы туралы Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол белгіленбеген мерзімге және оны жасасу кезінде Шартта көзделген талаптарда ұзартылған болып есептеледі.

19. Осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты Сатушы мен Тұтынушы арасындағы даулы мәселелер туындаған жағдайда, Сатушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде даулы мәселені өз еркімен шешу үшін Тұтынушыға хабарлайды. Өзара келіспеген жағдайда, даулы мәселелерді шешу осы Шартты орындау орны бойынша сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

20. Шартқа тараптардың келісуімен енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылып, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ресімделеді.

 

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 9-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-тарау. Тараптар деректемелері

 

Сатушы

Тұтынушы

_________________________

______________________

_________________________

______________________

_________________________

______________________

 

Электр энергиясын тұрмыстық емес

мұқтаждар үшін пайдаланатын

тұтынушыларға арналған электрмен

жабдықтаудың үлгілік шартына

1-қосымша

 

 

Коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесі

 

№ р/р

Атауы

Есептеуіш типі

Зауыттық нөмірі

Ток

трансформаторлары

Коэффициентті

есептеу

1

2

3

4

5

 

Энергия беруші (энергия өндіруші)                             Тұтынушы:

ұйым

_________________________                                        ______________________

 

Электр энергиясын тұрмыстық емес

мұқтаждар үшін пайдаланатын

тұтынушыларға арналған электрмен

жабдықтаудың үлгілік шартына

2-қосымша

 

Нысан

 

Кімге _____________________________

(энергия беруші ұйым)

Кімнен __________________________

(ұйым атауы)

 

 

Электр энергиясын беру туралы алдын ала өтінім

 

Мен,_______________________________, Сізден электр энергиясын____________ көлемде___________ аралығында алдын ала беруіңізді сұраймын.

 

№п/п

Айлар

кВт.сағ

Цифрмен

Жазбаша

1

Қаңтар

2

Ақпан

3

Наурыз

4

Сәуір

5

Мамыр

6

Маусым

7

Шілде

8

Тамыз

9

Қыркүйек

10

Қазан

11

Қараша

12

Желтоқсан

Барлығы

 

Энергия беруші (энергия өндіруші)                             Тұтынушы:

ұйым

_________________________                                       ______________________

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 23 қазандағы

№ 356 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың
үлгілік шарты

 

________________________

«____» ___________ 20___ ж.

           (шарт жасасу орны)

(шарт жасасу күні)

_________________________________, «____» __________ _____ж. № _______

         (энергия беруші ұйымның атауы)

лицензияға сәйкес тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жүзеге асырушы,

бұдан әрі Сатушы деп аталатын, ________________________________________

                                                                    (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

атынан, _____________________________ негізінде әрекет етуші, бір жағынан

және бұдан әрі Тұтынушы _____________________________________________

                                                               (тегі, аты, әкесінің аты)

немесе _______________________________________________ негізінде әрекет

етуші оның өкілі______________________________________________________

                                                      (тегі, аты, әкесінің аты)

бұдан әрі Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы электрмен жабдықтау шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

 

 

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) есептік кезең - тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылатын электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;

2) тұтынушы - шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

3) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

4 )электр энергиясының коммерциялық есепке алу жүйесі - электр энергиясы мен қуаты шығынын анықтауға арналған коммерциялық есепке алу құралдарының жиынтығы (электр энергиясын есептеуіш, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторлары) және өзара белгіленген схема арқылы жалғанған құрылғы (коммутациялық аппарат);

5) электр энергиясын сату нүктесі - энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электр энергиясын беру туралы шарты бар энергия беруші ұйымның жауапкершілігі шекарасында орналасқан нүкте.

Осы Шартта қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мен табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

 

2-тарау. Шарттың мәні

 

2. Сатушы сату нүктесіне дейін Тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндеттенеді.

3. Шарт Тұтынушымен оның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тікелей электр желілеріне қосылған жабдығы мен коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда ғана жасалады.

 

 

3-тарау. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу

 

4. Сатушы берген және Тұтынушы қабылдаған электр энергиясының көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткішімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есептік жолмен анықталады.

5. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесінде көрсетіледі.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі.

Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде Тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Көрсеткіштерді алу және төлем құжаттарын төлеу кезінде Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуына қарай есепке алады.

7. Тұтынушы кезекті жылға электр энергиясын тұтыну көлемін анықтау үшін жабдықтау жылының алдыңғы жылы басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясын беру туралы алдын ала өтінім береді.

 

 

4-тарау. Электр энергиясы үшін ақы төлеу тәртібі

 

8. Пайдаланылған электр энергиясы үшін төлем есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 (онбесіне) дейін төленеді.

ҚҚС-ты қоса алғанда тиісті қаржылық жылға шарт бойынша сома - _______________ теңге 00 тиын (______________________ теңге 00 тиын).

ҚҚС-ты қоспағанда тиісті қаржылық жылға шарт бойынша сома - ________________ теңге 00 тиын (_______________________ теңге 00 тиын).

Бюджет түрі ____________________.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - ____ «_______________________

___________________________________________________________________».

Бюджеттік бағдарлама - ______ «_______________________________

___________________________________________________________________».

Ішкі бағдарлама- ________ «___________________________________

___________________________________________________________________».

Ерекшелік - ___ - коммуналдық қызметтерді төлеу.

Ерекшелік - ___ - сатып алынатын тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бойынша Сатушыға ҚҚС сомасын аудару.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Егер Тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 9-1-тармақпен толықтырылды

9-1. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады.

Тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда интернет-ресурс арқылы ғана алуға жол беріледі.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 9-2-тармақпен толықтырылды

9-2. Тұтынушылар кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) хабарлама алады.

10. Тұтынушыға есептік айдан кейінгі айдың 7-күнінен кешіктірмей коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің және (немесе) осы Шарттың 4, 6-тармақтарына сәйкес жүргізілген есептеулер негізінде төлем құжаты жазылады және беріледі.

11. Коммерциялық есепке алу аспаптары электр желісінің теңгерімдік тиесілі шекарасында орнатылмаған кезде, тиесілі шекара мен коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату орнына дейінгі электр энергиясының ысыраптарын энергия беруші ұйым Тұтынушымен келісе отырып, есептік жолмен анықтайды, ал төлемді балансында желінің көрсетілген учаскесі орналасқан тарап жүргізеді.

12. Смарт-картасы бар есепке алу аспаптарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, Тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді.

13. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларға 3 (үш) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды.

 

 

5-тарау. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14. Тұтынушы:

1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын алуға;

2) жасалған шарттың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты залалды өтеуді талап етуге;

3) шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;

4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тариф бойынша ақы төлеудi жүргiзуге;

5) Сатушыны күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ету және тұтынылған электр энергиясы үшін толық ақы төлеу талабымен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

6) тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша есептеулерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, төлем құжатын Сатушыдан талап етуге;

7) қызмет көрсетуші энергиямен жабдықтаушы ұйымды жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға ауыстыруға құқылы.

15. Тұтынушы:

1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;

2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;

4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;

5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.

 

 

6-тарау. Сатушының құқықтары мен міндеттері

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

16. Сатушы, энергия беруші ұйымды қатыстыру арқылы:

1) Тұтынушы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін шарт акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) көрсетілген тәсілдермен Тұтынушыны ескерте отырып:

шартта белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем болмаған, сондай-ақ толық төленбеген;

шартта белгіленген электр тұтыну режимі бұзылған жағдайларда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға;

2) шарттың жасаумен немесе орындалуымен байланысты даулы мәселелер туындағанда сотқа жүгінуге құқылы.

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17. Сатушы:

1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын беруге;

2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге;

3) Тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін шарт акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдаланғаны үшін) көрсетілген тәсілдермен төлемегені үшін электр энергиясын беру тоқтатыла тұрғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын Тұтынушыны хабардар етуге;

4) Тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, олардың өзгеруі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабарландыру орналастыру арқылы, сондай-ақ төлем құжаттарындағы осы өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып хабардар етуге;

5) Тұтынушыдан өзіне берілген электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ Тұтынушыдан өзіне берілетін электр энергиясы үшін интернет-ресурстар немесе терминалдар, төлем агенттері, төлем ұйымдары сияқты қосымша көздер арқылы төлемдер қабылдауға жол беріледі;

6) тұтынылған электр энергиясы үшін төлем құжатын Тұтынушыға ай сайын ұсынуға;

7) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге;

8) энергия беруші ұйымдар тарапынан жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты электр энергиясын берудің жоспарланған тоқтатылғаны туралы Тұтынушыны ажыратқанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

 

 

7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

 

18. Электрмен жабдықтау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тараптар нақты келтірілген зиянды өз еркімен өтеуге немесе келіспеген жағдайда сот шешімі бойынша өтеуге міндетті.

19.Тараптар форс-мажор (зілзалалар, әскери әрекеттер, террористік актілер) жағдайларынан туындаған, сонымен қатар тараптардың еркінен тыс болған түрлі (электр беру желілерінің және басқа жабдықтардың зақымдалуы немесе ұрлануы) жағдайларда электр энергиясын берудегі үзілістер үшін материалдық жауапты болмайды.

20. Тараптар өздерінің атаулары, заңды мекенжайлары, нақты тұрғылықты жерінің және осы Шарт талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелерінің өзгергені туралы бір-біріне жедел түрде хабарлауға міндеттенеді.

 

8-тарау. Қорытынды ережелер

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21. Шарт Тұтынушы қосылған желіге нақты қосылған сәттен бастап жасалған болып есептеледі және ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге жарамды болып есептеледі.

Тараптардың бірінің мерзімнің аяқталуы туралы Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол белгіленбеген мерзімге және оны жасасу кезінде Шартта көзделген талаптарда ұзартылған болып есептеледі.

22. Осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты Сатушы мен Тұтынушы арасындағы даулы мәселелер туындаған жағдайда, Сатушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде даулы мәселені өз еркімен шешу үшін Тұтынушыға хабарлайды. Өзара келіспеген жағдайда, даулы мәселелерді шешу осы Шартты орындау орны бойынша сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

23. Шартқа тараптардың келісуімен енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылып, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ресімделеді.

 

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.06.02. № 43 бұйрығымен 9-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-тарау. Тараптар деректемелері деректемелері

 

Сатушы

Тұтынушы

_________________________

______________________

_________________________

______________________

_________________________

______________________

 

Мемлекеттік бюджеттен

қаржыландырылатын заңды

тұлғаларға арналған электрмен

жабдықтаудың үлгілік шартына

1-қосымша

 

Коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесі

 

№ р/р

Атауы

Есептеуіш типі

Зауыттық нөмірі

Ток

трансформаторлары

Коэффициентті

есептеу

1

2

3

4

5

 

Энергия беруші (энергия өндіруші)                     Тұтынушы:

ұйым

_________________________                               ______________________

 

 

Мемлекеттік бюджеттен

қаржыландырылатын заңды

тұлғаларға арналған электрмен

жабдықтаудың үлгілік шартына

2-қосымша

 

Нысан

 

Кімге _____________________________

(энергия беруші ұйым)

Кімнен __________________________

(ұйым атауы)

 

 

Электр энергиясын беру туралы алдын ала өтінім

 

Мен,_______________________________, Сізден электр энергиясын____________ көлемде___________ аралығында алдын ала беруіңізді сұраймын.

 

№п/п

Айлар

кВт.сағ

Цифрмен

Жазбаша

1

Қаңтар

2

Ақпан

3

Наурыз

4

Сәуір

5

Мамыр

6

Маусым

7

Шілде

8

Тамыз

9

Қыркүйек

10

Қазан

11

Қараша

12

Желтоқсан

Барлығы

 

Энергия беруші (энергия өндіруші)                               Тұтынушы:

ұйым

_________________________                                        ______________________

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 23 қазандағы

№ 356 бұйрығына

4-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбiр бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10806 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған).

2. «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 648 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12428 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда жарияланған).

3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 228 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13942 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 тамызда жарияланған) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 6) тармақшасы.

4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 200 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15330 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 25 шілдеде жарияланған) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.