Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
жарияланымдар
11
12.12
Арман! Еңбек! Сенім!

 Арман! Еңбек! Сенім!

Астанадағы республикалық «Сарыарқа» велотрек кешенінде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялқ Партиясы, «Жас Отан» жастар қанатының ІІ республикалық съезі өтті.  «Арман! Еңбек! Сенім!». Осындай атаумен өткізілген съезге Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген делегат жиылды. Шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: «Бүкіл Қазақстанның халқы да, жастары да қазір назарын осы залға аударып отыр. Осы жиналған жастар, айтылған сөздер, мен сияқты үлкен буын өкілдеріне жастығымызды еске түсіріп, өмірге де, еңбекке де үлкен шабыт сыйлайды. Сіздердің энергияларыңыз елге керек, халқымызға керек, болашаққа керек»,  - деп барша «Жас Отанды» ІІ республикалық съезінің ашылуымен шын жүректен  құттықтады.  

                         

 

Жастар елдің жаңа бет-бейнесін жасап, жаңа идеяларды ұсынуға жəне Қазақстанды жаңартудың негізгі қозғаушы күші болуға тиіс. Еліміздің бас қаласы Астанада «Жас Отан» жастар қанатының форумына, Атырау энергетика кешенінің белсенді жастары «Атырау Жарық» АҚ-ның жас мамандары  Жұмағазиев Ерболат  пен Марал Асылхан,  «Атырау ЖЭО» АҚ-ның жас маманы Аян Құлшиев қатысты.

«Жасотандықтар»  жиында 2020 жылға дейінгі «Жастар-Отанға» стратегиясын таныстырды. Ұйым белсенді қалыптасу кезеңінен өтті. Енді «жасотандықтар» батыл қадамға бастайтын жаңа белеске бағыт алды.  Талқыға түскен  стратегиялық құжат, аймақтарда ауқымды талқылаудан өткен. Әрбір жас өз ұсынысын айтуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, іс-қимыл стратегиясында 11 басты бағыт айқындалған. Оның ішінде сапалы білім алу, еңбек жастарының әлеуметтік бейімделуі, мәдени дамуы, ғылымды дамыту, волонтерлер қозғалысын ұйымдастыру туралы бағыттар қамтылған. «Жас Отанның»  жаңа стратегиясы елді жаңғыртудың ауқымды міндеттерін атқаруы тиіс. Жаңа заман жастардың білімі мен біліктілікке талпынып әрекеттенуін, еңбектеніп, өсуін талап етіп отыр. Жастар қанаты аясында шоғырланған белсенді өрендер білім мен еңбекті ұштастырып, ел игілігіне қызмет етуі тиіс екендігін айтты. Алқалы отырыста стратегиялық құжат бекітілді. Мұнымен қоса, бүгін «Жас Отан» жастар қанатының Атқарушы хатшысы сайланып,  «Жас Отанның» жарғысына өзгерістер енгізілді. 

 Одан әрі әр облыста «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп жатқан игі іс-шараларға оң бағасын берген Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің экономикасын өркендетуге үлес қосқандары үшін Атырау облысының жаңашыл жастарына өзінің жалынды сәлемін жолдады.

                        

 - Атырау облысының жас ғалымдары екі жылда 20 инновациялық жоба дайындады. Енді оларды іс жүзінде қажетті жағынан қамтамасыз ету – барлығымыз үшін маңызды. Облыс басшылығы бұл мәселені айрықша бақылауға алуы қажет, — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

«Атырау Жарық» АҚ-ның жас маманы Жұмағазиев Ерболат: - Президент жастардың алдында тұрған нақты міндеттерді белгілеп берді, оларды іске асыру «Жас Отан» ЖҚ-ның Қазақстанның табысты болашағында өзінің лайықты орнын алуына мүмкіндік береді. Біз əрбір жас қазақстандықтың болашақ кəсібін сенімді түрде өзі таңдай алуы, өз қабілетіне сай келетін лайықты жұмыс орнын табуы, өз денсаулығы мен білімінің қамын ойлауы үшін əрекет етеуіміз керек деп ойлаймын.

«Атырау Жылу Электр Орталығы» АҚ-ның жас маманы Құлшиев Аян: -Бүгін біз өз дамуымыздың жаңа кезеңінде тұрмыз, өзіміздің одан арғы қызметіміздің жаңа басымдықтары мен міндеттерін айқындап жатырмыз. Біз еліміздің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін жастарды топтастырудағы рөлімізді көріп отырмыз. «Жас Отан» – елдің жетекші бұқаралық жастар ұйымы, жəне біздің басты мақсатымыз – əрбір жас қазақстандықтың мүдделерін қорғау.

«Атырау Жарық» АҚ-ның жас маманы Марал Асылхан: - Біз болашаққа батыл əрі ашық көзқараспен қараймыз. Сондықтан, біз алдымызға ауқымды міндеттер қойып отырмыз жəне белгіленген мақсат – күшті де бəсекеге қабілетті Қазақстан құру мақсатына қарай біртіндеп байыппен жылжитын боламыз. «Жас Отан» ел Президентінің Қазақстанды əлеуметтік жаңғырту толықтай қолдайды, оның негізін Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы құрайды.

Жастар - елдің жаңа бет-бейнесін қалыптастыруға, жаңа идеялар ұсынуға жəне жаңғыртудың қозғаушы күші болуға тиіс.

          

 

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.