Архив
Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА !

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА

  

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сай 2020 жылдың 16-наурызынан бастап елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне және Атырау аумағында 30-наурыздан бастап карантин жариялануына байланысты «АтырауЭнергосату» ЖШС тұтынушыларға қашықтан қызмет көрсету әдісіне көшті.

2020 жылғы сәуір айында тұтынылған электр энергиясының көлемін анықтау үшін «АтырауЭнергосату» ЖШС Атырау қаласындағы барлық тұтынушыларынан: тұрғындар мен заңды тұлғалардан, бюджеттік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлерден  электр энергиясын қаншалықты пайдаланғандығы туралы ақпараттарын ұсынуды, яғни электр энергиясын есептегіш құралдарындағы көрсетіп тұрған көрсетілім мәліметтерін беруді сұрайды.   

Сіздің тарапыңыздан ақпарат ұсынылмаған болса, біз одан әрі қайта есеп айырысу шараларын жүргізу мүмкіндігімен алдыңғы кезеңдегі орта тәуліктік шығын бойынша есептейтін боламыз. Даулы жағдайлар туындамас үшін электр есептегіш құралдарыңыздағы көрсетілімді фотоға анық түсіре отырып, atyrauenergosatu@nur.kz электронды почтасына, сонымен қатар Атырау қаласындағы мына участоктар бойынша жұмыс жасап тұрған WhatsApp мессенджері номерлеріне жолдауыңызды сұраймыз:

1 участок (Балықшы) - 8 705 792 0751

 2 участок (Атамбаев көшесі) - 8 705 792 0755

 3 участок  (Санаторий маңы)- 8 705 7920 756

 4 участок  (Алмагүл ықшам ауданы)- 8 705 7920 758

 5 участок  (Авангард ықшам ауданы)- 8 705 7920 759

 6 участок  (Сары-Арқа ықшам ауданы) - 8 705 792 0761

 7 участок  (Геолог) - 8 705 792 0763

         Қазіргі өткеріп жатырған мына ауыр да, жауапкершілігі жоғары кезеңде біздің тұтынушыларымыз түсіністікпен қарап, сабыр сақтайды деп сенім білдіреміз.  

«АтырауЭнергосату» ЖШС әкімшілігі

 

 

Құрметті электр энергиясын тұтынушылар,

заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер!

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сай 2020 жылдың 16 наурызынан бастап елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне және Атырау облысы аумағында 2020 жылғы 30 наурыздан бастап карантин жариялануына байланысты «АтырауЭнергосату» ЖШС төлем қабылдайтын өз кассаларын жабуға мәжбүр болды.

Берілген шоттар бойынша төлемдер Электрмен жабдықтау шартында көрсетілген деректемелер бойынша қолма-қол ақшасыз төлем жасау жолымен жүргізіледі.

Сіз сонымен қатар Kaspi.kz бетшесіндегі коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бөлімі арқылы шарттың номері бойынша төлемақы жасай аласыз. Алайда,  бұл функцияда әлі де толықтыру шаралары жүргізіліп жатқандықтан, барлық шарттар бойынша төлемақы өтпеуі мүмкін.  Банкпен бірлесе отырып атқарылып жатқан техникалық жұмыстар өз мәресіне жеткен соң ЖСН бойынша төлеу функциясы іске қосылады. Басқа банктермен арада да осы функцияны іске қосу шаралары қосымша жүргізіліп жатыр.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерге байланысты түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.

Карантин мерзімі аяқталысымен кассалардың жұмысын жалғастыру шарасы жоспарланып отыр.

 

 «АтырауЭнергосату» ЖШС әкімшілігі

 

 

 

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сай 2020 жылғы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілуіне орай және Атырау қаласы аумағында 2020 жылғы 30 наурыздан бастап карантин жариялануына байланысты «АтырауЭнергосату» ЖШС тұтынушыларға қашықтықтан қызмет көрсетуге ауысады.

Осыған байланысты Сіздерден түсіністікпен қарауларыңызды және барлық сұрақтарыңызды  atyrauenergosatu@nur.kz электронды почтасына жолдауларыңызды сұраймыз, сондай-ақ Атырау қаласындағы учаскелерімізде  WhatsApp мессенджері арқылы төмендегі номерлер жұмыс жасайтынын хабарлаймыз:

1 участок  - 8 705 792 0751

         2 участок  - 8 705 792 0755

         3 участок  - 8 705 7920 756

         4 участок  - 8 705 7920 758

         5 участок  - 8 705 7920 759

         6 участок  - 8 705 792 0761

         7 участок  - 8 705 792 0763

Тұтынған электр энергиясының ақысын төлеу мақсатында онлайн-сервистерді пайдалануларыңызды сұраймыз.

2020 жылғы наурыз айының түбіртек-шоттары WhatsApp мессенджері арқылы таратылатын болады. Сонымен қатар, төлемақы жасайтын сомаңызды Каспи банк - Kaspi.kz сайты бойынша коммуналдық қызметтер бөлімінен біле аласыздар.

 «АтырауЭнергосату» ЖШС әкімшілігі

 

 




ТМРжБҚК - Атырау облысы. Департамент «Атырау Энергосату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіның  хабарламасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Атырау Энергосату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіның электр энергиясымен жабдықтау қызметі туралы хабарламаны қарастыру бойынша жария тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жария тыңдаулар 2016 жылғы 15 сәуір, сағат 15-00-де Атырау қаласы, Д.Нүрпеисова атындағы мәдениет үйінде өтеді.

 

 

«АтырауЭнергосату» ЖШС-гі «Темиржол Энерго» ЖШС қызметінің тоқтатылуына және онымен жасалған электрмен жабдықтау шартының бұзылуына байланысты  тұтынушылардың  2016 жылғы 1 сәуірден бастап «АтырауЭнергосату» ЖШС-мен электрмен жабдықтау шартын жасауы қажеттігін хабарлайды.

Электрмен жабдықтау шартын жасау үшін «АтырауЭнергосату» ЖШС-нің кеңсесіне төмендегі құжаттарды тапсыру керек:

       1)  электрмен жабдықтау шартын жасау туралы арыз;

2) электр желілерінің баланстық тиесілігін шектеу және тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасы жалғанған (көпқабатты үйлерде тұратын жеке тұлғаларды есептемегендегі) тараптардың эксплуатациялық жауапкершілігі актісі;

3) электр энергиясының коммерциялық есептеу жүйесін қабылдау актісі;

4) жылжымайтын мүлікке тіркеулі құқық беретін құжат немесе электрмен жабдықтау нысанына құқық беретін құжат көшірмесі;

5) техникалық шарттар (көпқабатты үйлерде тұратын жеке тұлғаларды есептемегенде);

6) жеке басын куәландыратын құжат көшірмелері;

7) тұрғын үйде (пәтерде) тұратын тұрғындар санын растайтын құжат.

Шарт жасау сұрақтары бойынша: «АтырауЭнергосату» ЖШС-нің Махамбет көшесі, 100 мекен-жайындағы орталық кеңсесіне, телефон номері: 99-42-54; сонымен қатар №3 учаскеге («Атырау» санаториі маңында), телефон номері: 32-22-17 және №4 учаскеге («Алмагүл» ықшам ауданы, 24 үй), телефон номері: 46-74-07 – филиалдарына хабарласуыңызды сұраймыз.

 «АтырауЭнергосату» ЖШС-гі

                                                                    

Хабарландыру

«АтырауЭнергосату»  ЖШС-гі   мен   Атырау    облысы   Кусіпкерлер  палатасының  арасында  жасалған   меморандум   негізінде  11.11.14ж. бастап  электрмен  жабдықтау  шартысындағы кіші  кәсіпкерлік  субъектілерінен  алдын  ала  төлем   қабылдау   талаптарының  алынып  тасталғанын  барлық   мүдделі  тұлғалардың  назарына   жеткізетіндігін  хабарлайды.

  


               
Жылу энергиясын тұтынушылардың есіне !

 

 

    Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында, сонымен қатар ҚР «Шынайы монополия туралы» Заңының талаптарына сәйкес «Атырау жылуэлектр орталығы» АҚ жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдарын қолдану және орнату үшін тұтынушылармен жасалған келісім шартқа сәйкес 10 тұрғын үйге 11 есептеу құралдарын орнатты:

 

 

 

         Мекен-жай     

 

 

Құрал саны

 1

Авангард 3 ма.,  39а үй

          1

 2

Канцев көшесі, 11 үй

          1

 3

Сәтпаев көшесі, 42 үй

          1

 4

Момышұлы көшесі 19 үй

          1

 5

Алмагүл ма., 30 үй, (3-4 под.)

          1

 6

Алмагүл-2 ма., 28 үй

          1

 7

Сәтпаев көшесі 27 үй

          1

 8

Сәтпаев көшесі 29 үй

          1

 9

Момышұлы көшесі 17 үй

          1

10

Сырым датов көшесі 35а үй

          1

 

 

Тұтынушылар есептеу құралдарын қолдану және орнату үшін төлем ақыны 24 айға бөліп төлеу арқылы жүзеге асырады және ол тұтынушыларға жылу энергиясын төлеу үшін көрсетілген төлем құжатының әрбір бөлек жолында көрсетіледі.

 

      «Атырау жылуэлектрорталығы» АҚ 1 қарашадан бастап 10 үйдің Тұтынушыларына ЖҮЕҚ үшін есептеу төлемдері көрсетілетінін ескерте отырып және көрсетілген заңнама талаптары үшін азаматтық жауапкершілік алып ай сайын есеп квитанциясындағы төлем ақыны жүргізуді сұрайды.

      Төлем қабылдау «Атырау Энергосату» ЖШС учаскелерінің кассаларында, сонымен қатар АФ Казкоммерцбанк АҚ, Банк Туран Алем АҚ, Халық банкі, Каспий банкі, Қазпочта АҚ, АТФ Банк АҚ, Альянс Банк АҚ, НұрБанк, Ресей  Жинақтаушы банкі, Цесна банкілерінің есептесу-кассалық бөлімшелерінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар www.atyrauenergo.kz сайтынан учаскелердің орналасу орны бойынша қызықтыратын ақпараттар мен кассалардың жұмыс тәртібі туралы таба аласыздар.

 

 

   «Атырау жылуэлектрорталығы» АҚ 

 

   Тұрғындар есіне !

   Құрметті жылу және электр энергиясын тұтынушылары !

   Егер сіз көрсетілген тізімде болсаңыз, мерзімі өткен қарызды төлеуіңізді сұраймыз.

 

                                  

 

 

 

«Атырауэнергосату» ЖШС-гі – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес 2009 жылы құрылған заңды тұлға.

            Қазақстан Республикасының  «Электр энергетика туралы» Заңына сәйкес  «Атырауэнергосату» ЖШС-гі электр энергияны сатып алып, қайта сату қызметін жүзеге асырады.

 «Атырауэнергосату» ЖШС-гі нарықта өз қызметі бойынша басым орын алып отырған субъект болып саналады.

2010 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша «Атырауэнергосату» ЖШС-гі Атырау облысы бойынша барлығы 118 мың абонентке (жеке тұлғалар) және 10 мың заңды тұлғаларға, бюджеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлерге электр энергияны жеткізіп отырған  мекеме.

            «Атырауэнергосату» ЖШС-гі электр энергияны өндіріп, тарату қызметімен айналыспайды сол себепті өзінің балансында электр желілер мен электр жабдықтарды иемденбеген.

            Мекеменің басты мақсаты – тұтынушыларға жоғары  қызмет көрсету мен сенімді және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету.

            Осы жұмыстармен айналысатын мекемеде Атырау қаласында және 7 аудандық учаскелерде 120 мамандар мен қызметкерлер қызмет етеді.          

«Атырауэнергосату» ЖШС-нің электр энергияға төлемақыны қабылдауда кассалар қаланың барлық аудандарында және төмендегі банктер есеп шот бөлімдерінде орналасқан: «Казкоммерцбанк» АҚ, «ТұранӘлем банкі» АҚ, «Халық банкі» АҚ, «Каспийский банкі» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «АТФ банкі» АҚ, «Альянс банкі» АҚ, «Нұрбанк», «Еуразия банкі», «Сбербанк России», «Цесна банк» және ғаламтор арқылы.

                                                                                                                

     

 

 

                                                        

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.