Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен меймандары!
«АтырауЭнергосату» ЖШС-нің ұжымы атынан Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен қызу құттықтаймыз! Бұл кезең - табиғаттың жаңаша тыныс алып, адамзаттың бойында ерекше ықылас оятар тұс – көктемгі жаңару мерекесі болып табылады. Қашан да жайдарлы бұл мереке біз үшін бейбіт өмір мен гүлденудің белгісі болып қала береді. Өмірдің тынысы мен әсемдіктің ажарын нұрландырып тұратын Наурыздың қадір-қасиеті айрықша. Сіздерді әз Наурыз жаңа жетістіктер мен айқын мақсаттарға жетелеп, қуаныш пен бақытқа кенелтсін. Бақ қарасын, Ақ мол болсын!