Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы

14-бап. Электр және жылу энергиясының нарығы

1. Қазақстан Республикасында энергиямен жабдықтау электр және жылу энергиясы нарықтарының

жұмыс iстеуi жағдайларында жүзеге асырылады.

2. Электр және жылу энергиясы нарықта тауар болып табылады.

3. Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда

нарықтарынан, ал жылу энергиясының нарығы бiр деңгейден - бөлшек сауда нарығынан тұрады.

4-тармақ 2004 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР

Заңымен ұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен ұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын кепілдікпен берушілер

электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта табиғи монополиялар салаларындағы және

реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сатып алуға

немесе сатуға тиіс.

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен ұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен ұр.ред.қара) 5-

тармақ өзгертілді

5. Жүйелiк оператор, өңiрлiк электр желiлерi компаниялары мен электр желiлерiн иеленетiн өзге де

ұйымдар табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге

асыратын мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен нарықтың барлық қатысушыларының электр энергиясы

нарығына еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

6. Энергия берушi ұйымның энергия өндiрушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен

тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды

орындаған жағдайда оларды электр және жылу жүйелерiне қосудан, сондай-ақ оларға электр немесе жылу

энергиясын беруден бас тартуға құқығы жоқ.

7. Электр немесе жылу энергиясы нарығында электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде

туындайтын қатынастар электр энергетикасындағы тиiстi шарттармен реттеледi.

15-бап. Электр энергиясыны ң көтерме сауда нарығы

1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы:

1) нарыққа қатысушылар жасасатын тараптардың келiсiмдерiмен белгiленетiн жеткiзу бағалары мен

талаптары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн электр

энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығынан;

2) электр энергиясын қысқа мерзiмдi (спот - сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi

(тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңынан тұратын электр энергиясының

орталықтандырылған сауда нарығынан;

3) жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiнде бекiткен Қазақстан

Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты

және шарттық шамалары арасында операциялық тәулiкте туындайтын сағат сайынғы теңгерiмсiздiктердi

табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеу мақсатында жұмыс iстейтiн нақты уақыт режимiндегi

теңгерiмдеушi нарықтан;

4) мемлекеттiк стандарттармен белгiленген Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық

жүйесi жұмысының сенiмдiлiгi мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшiн электр

энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен сатып алуы негiзiнде де, жүйелiк оператордың электр

энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне тиiсiнше қызметтер көрсету негiзiнде де жұмыс

iстейтiн жүйелік және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығынан тұрады.

2. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы:

1) спот - сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;

2) электр энергиясының орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) кезеңдерге

орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;

3) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған

сауда нарығына қол жеткiзуiне тең жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;

4) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған

саудасының ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келуiн айқындайды;

5) электр энергиясының орталықтандырыл сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу-сату

жөнiнде жасалған мәмiлелердi тiркеу мен есепке алуды жүзеге асырады;

6) өз құзыретi шегiнде электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерiн орталықтандырылған

сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтiк бағалары жөнiндегi ақпаратпен және басқа

да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етедi.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) спот-сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша қаржылық өзара есеп айырысуды ұйымдастырады

және жүргізеді.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі Қазақстан

Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен

ұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткiзу тәртiбiн табиғи монополиялар

салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган

айқындайды.

2. Өңiрлiк электр желiлерi компаниялары электр энергиясын оның баланстық тиесiлiк шекараларында

электр желiлерi бойынша беру функцияларын жүзеге асырады.

3. 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен алып тасталды ұр. ред. қара)

4. Шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлерге

энергиямен жабдықтаушы өзге ұйымдарға қарағанда артықшылықтар беруге болмайды.

17-бап. Электр энергиясының көтерме сауда

нарығындағы шарттар

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр

энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды

теңгерiмдеу, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс

істеуі жөнiнде қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалатын шарттардың

негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында:

1) тәулiктiк электр тұтыну кестесi;

2) энергия ндiрушi йымдарды электр уатын резервтеу ө ұ ң қ тәртiбi болуға тиiс.

3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында, электр энергиясының көтерме сауда нарығында

электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу

жөнiнде қызметтер көрсету шарттарында шарт бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда энергиямен

жабдықтауды немесе тиiстi қызметтер көрсетудi тоқтату жағдайлары мен тәртiбi болуға тиiс.

18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда

нарығындағы шарттар

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату энергиямен жабдықтаушы

ұйымдармен тұтынушылар жасасатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тәулік зоналары бойынша

және (немесе) тұтынатын энергияның көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша

өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.

2. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар бөлшек сауда нарығында жасасатын

шарттарда электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығына барлық қатысушылар үшiн тең

жағдайлар болуға мiндеттi.

3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жеткiзетiн электр энергиясының бағалары мен оларды беру

жағдайлары тараптардың келiсiмi бойынша энергия берушi ұйымның тарифiн ескере отырып, сатып алу-

сату шартына сәйкес белгiленедi.

4. Өңiрлiк электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе

тұтынушы өңiрлiк электр желiсi компаниясымен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген үлгi нысан

бойынша жасасатын электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсету шартының негiзiнде жүзеге

асырылады.

5. Электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлер мен тұтынушылар арасындағы энергиямен

жабдықтау шарты жария шарт болып табылады.

19-бап. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың

құқықтары мен мiндеттерi

1. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың:

1) жасалған шарттарға сәйкес электр және жылу энергиясын алуға;

2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен

жабдықтаушы ұйымнан электр және жылу энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген

нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге;

3) шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа

жүгiнуге;

 

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тарифтiк есепке алу жүйелерi бойынша ақы төлеудi

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге құқығы бар.

2. Электр және жылу энергиясын тұтынушылар:

1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғылары мен коммерциялық есепке алу

аспаптарын тиiсiнше техникалық жағдайда ұстап тұруға, электр және жылу энергиясын пайдалану

ережелерiне сәйкес олардың техникалық жағдайына қойылатын талаптарды орындауға;

2) электр және жылу энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн

сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетика жүйесiндегi электр энергиясының

стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;

4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр және (немесе) жылу

энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен ұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен ұр.ред.қара) 5)

тармақша өзгертілді

 

5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың қызметкерлерiн коммерциялық есепке

алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі органның

қызметкерлерiн электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану

қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жіберуге міндетті.

 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред қара)

6) 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен алып татсалды ұр.ред.қара)

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын заңды тұлғалар болып

табылатын электр энергиясын тұтынушылар тұтынған электр энергиясы үшін төлемақыны тәулік зоналары

бойынша сараланған тарифтермен төлеуге міндетті.»;

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.