Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық

қатынастарды реттейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа

редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12.

№ 116-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) авариялық бронь – электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды

құрылғылардың жұмыс іcтeуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының

бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе

адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты;

2) авариялық бұзылыс – электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық

параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге

болмайтын ауытқулары;

3) есептік тариф – инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде

айқындалған және тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын энергия өндіруші ұйым үшін электр

энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

4) жеке тариф – инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым

үшін бекітілген, тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын, электр энергиясына арналған босату

тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

5) жүйелік авария – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің

тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы

режимдерінің авариялық бұзылысы;

6) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы

субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты реттеу және резервтеу, электр

энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері;

7) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің

энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап

тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен

қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша

беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын

ұйым;

8) жылу желілерінің күзет аймағы – жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты

жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар

арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;

9) жылу энергиясын беру - жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері

бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі;

10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы – жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға

қатысушылардың шарттар негізінде жұмыс істейтін қатынастар жүйесі;

11) инвестициялық бағдарлама – жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға,

реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;

12) инвестициялық міндеттеме – жаңа активтерді құруды, қолда бар активтерді кеңейтуді, жаңартуды,

қолдауды, реконструкциялауды және техникалық қайта жарақтандыруды көздейтін міндеттеме;

13) инвестициялық шарт – энергия өндіруші ұйым, уәкілетті орган және табиғи монополиялар

салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган арасындағы

инвестициялық бағдарламаны орындау туралы шарт;

14) келісім – уәкілетті орган мен электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуді

жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым арасындағы инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы

шарт;

15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық

есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат

етілген техникалық құрылғы;

16) аза стан Республикасыны бірт тас электр энергетикалы ж йесі – аза Қ қ ң ұ қ ү Қ қстан Республикасының

тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының,

электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;

17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві –

шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге

әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;

18) қосалқы көрсетілетін қызметтер – жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы

субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен оралымды резервтері құрылымының дайындығын

қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару

бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;

19) операциялық тәуліктер – жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының

субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған

оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер;

20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын,

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін

және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия

беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан

келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;

21) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері – өңірлер және (немесе)

мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 киловольт және одан

жоғары электр беру желілері;

22) өңірлік электр желілік компания – өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия

беруші ұйым;

23) теңгерімдеуші электр энергиясы – электр энергиясын өндірудіңұтынудың жүйелік оператор

бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін

пайдаланылатын электр энергиясы;

24) техникалық диспетчерлендіру – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық

 

жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік

басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;

25) тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды

тұлға;

26) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

27) ұлттық электр желісі – жекешелендіруге және оның алдындағы сатыларға жатпайтын шағын

станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және

(немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді

жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы;

28) шекті тариф – энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің

 

(бағасының) бекітілген ең жоғары шамасы;

29) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу – электр және жылу энергиясын сатып алу-

сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр және жылу

энергиясын есепке алу;

30) электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың

қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған

тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе

кеңістігі;

31) электр қуатын реттеу – электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр

жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік

сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде

көрсетілетін қызмет;

32) электр энергетикасы – электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы;

33) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші,

энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр

энергиясымен орталықтандырылған сауда операторы;

34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші – тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да

барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінен емес тоқтатқан жағдайларда

тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;

35) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергиямен

жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар;

36) электр энергиясын беру – энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған

шарттарға сәйкес көрсететін қызметі;

37) электр энергиясын өндірудіңұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру – электр энергиясының

 

теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік оператор көрсететін қызмет;

38) электр энергиясын ндіруді -т тынуды т уліктік кестесі ө ң ұ ң ә – электр энергиясын

орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда

нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату

шарттарына сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы

шамаларын регламенттейтін жүйелік оператор бекіткен құжат;

39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы – электр энергиясы бөлшек сауда нарығының

 

субъектілері арасындағы (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған

байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) шарттарының негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс

істейтін қатынастар жүйесі;

40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы

субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға

байланысты қатынастар жүйесі;

41) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы – осы Заңмен белгіленген жағдайларды

 

қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті

негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері;

42) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы – электр энергиясының

 

спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге

асыратын ұйым;

43) электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі – спот-сауда-саттық) – бір күн бұрын және

операциялық тәуліктер ішінде режимдерінде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы

көлемінде ұйымдастырылған сауда;

44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы – ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан

Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе)

тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын

теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік

оператор мен энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда

нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар

жүйесі;

45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі – имитациялық

 

режим) – электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының

 

теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;

46) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудіңұтынудың нақты шамасының

 

электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан

ауытқуы;

47) энергетикалық сараптама – жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын

және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі

энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ

 

олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық

 

актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;

48) энергия беруші ұйым – электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын

 

ұйым;

49) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын

тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;

50) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе)

 

өткізу үшін өндіруді, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым;

51) энергия өндіруші ұйымдардың тобы – мынадай өлшемдер: энергия өндіруші ұйымдардың типтері,

белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан

энергия өндіруші ұйымдар.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы

туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының

 

Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк

 құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше

ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.