Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
жарияланымдар
05
03.14
Жақсыдан үйрен ...
 

Жақсыдан үйрен ...

Адам жақсыға тез үйренеді, өмірдің осынау қуаныштары бізге электр энергиясының жарқын және жылы ағынымен келді. Энергия көрінбейді, оны қолмен ұстап, көзбен көру мүмкін емес, бірақ уақыт сияқты ол әр секунд, күн мен жылдар бойы біздің айналамызда. Біз оның артында кім тұрғаны, барлық замануи игіліктердің қайдан келгені туралы ойлана бермейміз. Бұның артында энергия жүйесінің мекемелері тұр, жүздеген адамдар халыққа жарық пен жылу беру үшін тәулік бойына жұмыс жасайды, үздіксіз кезекші ауысымдар агрегаттардың қалыпты жұмыс жасауын бақылайды, машинисттер мен операторлар аспаптардан көз алмайды, апат бригадалары кез келген минутта электр және жылумен жабдықтау жадбығындағы нормадан ауытқушылықты түзеуге дайын тұрады.  

                    

       

                                

Елді жарықпен жылумен қамтып,  елдің ықыласына бөленген кәсіпорын мамандарының еңбегі орасан зор. Жастайынан ел үшін еңбек етсем, елдің игілігіне жарасам деген бала арманы  бүнгі таңда болашағына сара жол сілтегендей.  Энергия саласында қызмет етуді бала кезінен армандаған Бердіғалиев Жанболат  Атырау облысы, Махамбет  ауданы, Ақжайық ауылында дүниеге келген. Балалық шағын осы ауылда өткізіп, 1989 жылы ауылдағы Қызыл үй орта мектебінің табалдырығын аттап 11 жыл білім нәрімен сусындап, кейін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне «Физика – математика» факультетіне оқуға қабылданады. 2005 жылы университетті тәмамдап, 2009 жылы Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс қазақстандық аграрлық- техникалық университетінің «Электр энергетика» факультетінің сырттай бөліміне оқуға қабылданады. Инженерлік-техникалық даярлығы мол, тапсырылған істі орындаушылық қабілеті жоғары,  талантты ұйымдастырушы, техникалық құжаттамаларды мұқият дайындайтын қызметкер. Алдына қойған мақсатына жетудегі табандылығы және өзіне сеніп тапсырылған еңбек ұжымын жұмылдырудағы қайсарлығы арқасында Атырау энергия кешені басшылығының құрметіне ие болды.

 Бердіғалиев Жанболат: «Орал қаласына оқуға түсуімнің себебі мен мектеп жасымнан электрик болсам деп армандадым, сол мамандық өзіме қатты ұнайды сол бала арманыма жету мақсатында оқуымды жалғастырдым. Энергетика саласына электромонтер болып  еңбек жолымды бастадым.  Әрине әр саланың өзіндік ерекешеліктері болады. Алғаш қызмет бабында білмей қалатын сәттер болады сол сәттерде әріптестерімнің  арқасында үлкен аға буын өкілдерінен көп нәрсені үйрендім. Көп жыл ішінде қызықты да қиыншылықты сәттер болды бірақ мен қиындыққа еш мойымадым себебі бала кездегі арманым мені биікке жетелеп тұрды.»

Мамандығын мақтанышпен айтып, арманына жету жолында аянбай тер төккен азамат Жанболатқа еңбекте табыс, отбасы амандығын  тілейміз!

Дайындаған Назерке Адайбекқызы

 

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.