Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
жарияланымдар
21
06.13
БЕЙБІТ КҮННІҢ МӘНІН ҰҚТЫРҒАН
                                                                                                 БЕЙБІТ КҮННІҢ МӘНІН ҰҚТЫРҒАН

 

 

9 мамыр бұл – туған жерді, Отанды шынайы қастерлеуді паш еткен ең ұлық күн. Халқымыздың беріктігі мен қайсар рухының  белгісі. Ұлы Жеңіске ержүрек халқымыздың өжеттігі мен бірлігінің арқасында қол жетті. Бұл ақиқат, бұны біз ұмытпаймыз. Бүгінгі тәуелсіздігіміз, еліміздің өркендеуі де – осынау Жеңістің жалғасы.

        

 

Қазақ халқы бұрын-соңды көрмеген тауқыметке, қоныс аударуға, аштыққа, қуғын-сүргінге, соғысқа душар болды. Аға ұрпақ, фашист басқыншылары елімізді жаулап алмақ болғанда қолдарына қару алып, халқымыздың бостандығын, Отанымыздың тәуелсіздігін қорғап қалды.

Герман фашизмнің қанды тырнағынан Еуропа елдерін азат етті. Ұрыс даласында ерліктің, табандылықтың зор үлгісін көрсетіп, өмір-өлім өткелінен өтіп, елге жеңіс әкелді. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран.

Ұлы Отан соғысына қатысқандар,  соғыстан кейінгі бейбіт өмірде де жанқиярлықпен еңбек етті. Қаншама жылдар өтсе де, ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды! Сондай ақ, соғыстан кейінгі бейбіт өмірде де жанқиярлықпен еңбек еткен көптеген ардагерлеріміз қазір ортамызда жоқ. Осы ардагерлеріміздің ерліктерінің арқасында бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз. Олардың көрсеткен батырлығы Отанға деген ұлы сүйіспеншіліктің айқын белгісіне айналды. Сіздердің өмірлеріңіз бен ерліктеріңіз – қайсарлық пен патриотизмнің жарқын мысалы. Ұлы Отан соғысындағы біздің әкелеріміз бен аналарымыздың   қан   майдандағы, тылдағы   жанқиярлық   еңбектеріне бас иеміз!

Соғыс жылдары өз балалық шақтарында көрген қиыншылыққа төзіп, қан майданда соғысып, үлкендермен бірдей еңбек еткен Даулеталиев Қарабай, Ордиев Шахзада, Соколов Геннадий, Цегельный Николай, Боранбаев Мұса,  Нұрғалиев Сақи, Попов Николай, Марьянов Яков, Мозграшвили Елизавета, Адсков Николай, Бобылев Виктор, Фортнова Фаина, Ниеталиева Жамал, Чернова Ефимия, Дашев Табылды, Ульянов Владимир, Бажирова Анна, Нешев Михаил, Приданов Николай, Жұлиманов Мизам, Сәбетова Түймеш,  Голушкова Клавдия, Құттығұлова Майша, Бақтығалиева Шархат, Қорғанбаева Барша және тағы басқа ардагерлерімізге бас иеміз! Заңдылықтың сақталуы жолында бар күш – жігерлерін аяған жоқ. Кешегі қан майданның куәгерлері бүгінгі бейбіт өмірде де аянбай еңбек етті. Ұрпақ өсірді. Үлгі - өнеге бола білді. Өкінішке орай, олардың қатары күннен - күнге сиреп барады. Жеңіс мерекесі – бұл әлемде теңдесі жоқ, елдік пен ерліктің, ержүректік пен батырлықтың, батылдық пен қаһармандықтың  мерекесі.  Бұл халқымыздың мызғымас бірлігінің, беріктігінің арқасында  келген қуаныш пен шаттыққа толы мереке. Бұл мереке – Атамекен, туған жерді жан сезіммен қастерлей білген, Отанға деген сүйіспеншілікті паш еткен барлығымыз үшін мерейі үстем, мәртебесі биік мереке. Сіздердің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді.

Сіздердің қайыспас  қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз – қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол, тамаша үлгі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін ең ізгі ниетпен құттықтап, тағзым етеміз, теңдессіз қаһармандық, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында өшпес ерлік көрсеткендердің баршасының абыройы мен даңқы арта берсін! Жердегі бейбітшілікті  сақтап қалу - адамзат баласының ең  басты жетістігі.

 Қымбатты ардагерлер!

 «Отан үшін күрес — елге тиген үлес» дейді дана халқымыз. Сiздердің өмір жолдарыңыз — Отанға қалтқысыз қызмет етудiң үлгiсi. Майданда қан төгіп, адамзатты апаттан қорғап  қалған, соғыстан кейiн аянбай еңбек етіп, елді қалпына келтірген Сіздердің биік рухтарыңызға тәнті боламыз. Әрқашан алдыңғы сапта жүріп, қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгін де елімізде бейбітшілік пен достықты орнықтырып, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Отанға деген қайсар рухтың мықтылығын өсіп келе жатқан жас өркен сіздерден көреді. Бiз Сiздердiң алдарыңызда өлшеусіз қарыздармыз. Өздеріңізді әрдайым құрмет тұтып, жанқияр ерліктеріңізге  бас иіп, тағзым етеміз.                

Аға ұрпақты қадірлеу – бізге парыз!

 

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.