Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
компания жаңалықтары
21
06.12
«Атырау Жарық» АҚ Атырау Аймақтық электр торабы компаниясы
 

 

 «Атырау Жарық» АҚ

Атырау

Аймақтық  электр торабы компаниясы

 

 

 


 

 

                                                                                                       ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 

 

                                                                                       2012ж. Атырау қ.

 

 

 

"АтырауЖарық" АҚ  2010-2012 жж. Инвестициялық бағдарламаның  2011жылға орындалу қорытындылары.

    

 

     Инвестициялық  бағдарлама көлемінде мынандай  жұмыстар жасалды:

 

1.2010-2020жылдарға арналған Атырау облысы электр торабының  келешек даму жоспарының жүзеге асуы.

 

   2011жылы Атырау қаласында  екі төмендеткіш қосалқы станцияны қайта құру жасалды:

  1. №18 110/35/10кВ «Строительная» қосалқы станциясы(ҚС)
  2. №1 35/6кВ  «База ГРЭС» ҚС-ын қайта құрудың І-кезеңі

 

№18 110/35/10кВ «Строительная» ҚС-да күштік трансформатордың 20МВА-ан 32МВА-дейін қуаты арттырылды. Қайта құру барысында 35 және 110кВ тарату құрылғысы жабдығы толығымен ауыстырылды,10кВ жабық тарату құрылғысының апатты ғимараты  орнына сыртқа қондырылатын 10кВ жинақы тарату құрылғысы ( КРУН-10кВ-СЖТҚ-10кВ) құрастырылды,10кВ-СЖТҚ-на резерв камераларын, ОРУ-35кВ құрылығысына резерв ұяшықтарын қондыру  арқылы қосалқы станцияның өткізу қабілеті артты.

 

№18 110/35/10кВ «Строительная» ҚС

 

                       Қайта құруға дейін                                                        Қайта құрудан кейін

                  

                  

                                                                                                              

 №1 35/6кВ «База ГРЭС» ҚС-ын қайта құрудың І-кезеңі  35кВ ТҚЖ-ын(ОРУ) қазіргі заманғы сұлбасы оңайлатылған ұқсас жабдықпен толық ауыстыруды көздеді.

 

                       Қайта құруға дейін                                                          Қайта құрудан кейін

              

                                                                                                                                            

 №18 110/35/10кВ «Строительная» қосалқы станциясы және №1 35/6кВ «База ГРЭС» ҚС

(1-кезеңі) қайта құру  барысында жабдықтардың барлығының да іргетастары және 110 мен 35кВ желілерді қоректендіруші қабылдау порталдары ауыстырылды, қолданудан әрі моральдық тозған майтолтырылған жабдықтар экологиялық таза, алдыңғы қатарлы технологиямен жасалған элегаздық және вакуумдық ажыратқыштармен толықтырылды,   қосалқы станцияның  торлы қоршауының орнына темірбетонды орнатылды, бұл ҚС-на аумағына бөгде жандардың кіріп кетуін болдырмайды.

 

             2. Атырау қаласындағы қолданудан тозған 0,4-6-10кВ желілерін қайта құру.

 

     2011жылы 6 төмендеткіш 6-10/0,4кВ трансформаторлық  пункттерінің қайта құруы жүргізілді, онда қайта жаңарту барысында нормативті құжаттардың  пайдалану қауіпсіздігі бөлігінің талаптарына сай келмейтін  және апат жағдайында тұрған трансформаторлық  пункттер ғимараттары бөлшектелінді және саны - 3дана қалалық орындаудағы жинақы трансформаторлық  пункттеріне (ҚОЖТП) ауыстырылды:

 (ЖТҚП-144/2 орнына ҚОЖТП -144/2; ЖТП/ст-72/7-орнына ҚОЖТП-72/7; ЖТП/ст-146/9 орнына ҚОЖТП-146/9(607/17)). Үш трансформаторлық  пункт, бұлар ТП-101/1, ТП-501/1 және ТП-2/4 бөлшектелінгендердің орнына қайтадан салынды, оларда түгілдей жаңа жабдық  және  қуаты артығырақ  күштік трансформаторлар құрастырылды.

КЖ (КСО)-366 типтегі камераларды және  ҚЖ(ЩО)-70 тақталарын(панель) қолдану – 10/0,4кВ тарату құрылғыларының коммутациялау қабілетін арттырады, қосарланған жалғанымдарды  болдырмайды да, сонымен бірге тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін көтереді. Трансформаторлар мен тарату құрылғыларының өткізу қабілеті елеулі түрде артты, бұл оларға электр энергиясын тұтынушы жақын жердегі келешек электр қуатты нысандарды  қосуға мүмкіндік береді.

 

ЖТП/ст№101/1                                                           

                      Қайта құруға дейін                                                 Қайта құрудан кейін

             

 

ТП/ст1 клуб жил-к  (№501/1)                                                       

                          Қайта құруға дейін                                                         Қайта құрудан кейін

           

 

 ЖТП/ст№2/4 «Торг.база общ8»

                 Қайта құруға дейін                                                        Қайта құрудан кейін

           

   

 ЖТП/ст№/144/2 «Тракторная»                                                ҚОЖТП-144/2

                   Қайта құруға дейін                                                       Қайта құрудан кейін

             

 

 ЖТП/ст-146/9 ГРЭС                                        ҚОЖТП-146/9(ҚОЖТП -607/17деп өзгертілді)

               Қайта құруға дейін                                                 Қайта құрудан кейін

          

 

 ЖинТП/ст№72/7 ТЭЦвод                                                      ҚОЖТП-72/7

           Қайта құруға дейін                                                  Қайта құрудан кейін

          

 

3.Жедел және өлшеу деректерін жинау ақпараттық жүйесі (АСКУЭ-ЭКЕАЖ).

 

       Қуат пен электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесінің 1-кезеңі орындалды (АСКУЭ-ЭКЕАЖ). ЭКЕАЖ – ҚР электр станциялары өндіретін немесе өзге мемлекеттен алынған электр тораптары бойынша берілген және тұтынушыларға жіберілген   электр энергиясы ( мүмкін тәуліктік, аймақтық немесе басқа тарифтарды есепке алумен)  санын жедел және дәл анықтауға мүмкіндік береді, электр энергиясының беру және тарату кезіндегі ысырабын дәл анықтауға, электр энергиясын есепке алуды жедел әрі анықтығын көтеруге қол жеткізуді,  кәсіпорындарда шығындарды азайту мақсатында қуат пен энергияны таратуды басқарудың әртүрлі  сұлбасын жүзеге асыруды, тұтынған  қуат пен энергияға төлемді  төмендетуге, 2013жылдан бастап Қазақстанда қуат нарығына енгізгеннен кейін, қуат және энергияны жеткізіп берушімен есеп айырысуды автоматтандырады.

 

 

Атырау қаласы

1.РПБ-2

2. №6ҚС «Птицефабрика»

3. №12 ҚС «Правобережная»

4.№17 ҚС «Южная»

5. №18 ҚС «Строительная»

6.№81 ҚС «Кондаурово»

7.№84 Қ ҚС С «Левобережная»

8.№88 ҚС «Локомативная»

9. №100 ҚС «Центральная»

Мақат ауданы

1.№112 ҚС «Макат»

  2.ҚС «Қарсақ»

Қызылқоға ауданы

1. ҚС «Миялы»

2. ҚС «Райгородок»

3. ҚС «Қоныстану»

4. ҚС «Қарабау»

Индер ауданы

1..№112 ҚС «Индерборская»

2. ҚС «Өрлик»

Исатай ауданы

1. ҚС «Аққистау»

2. ҚС «Октябрьская»

3. ҚС «Новобогат»

Құрманғазы ауданы

1. ҚС «Ганюшкино»

Жылыой ауданы

1. ҚС «Қамыскуль»

2. ҚС «Промзона-1»

3. ҚС «НСВ-8»

4. ҚС «Қульсары-Центральная»

5. ҚС «Комсомольск»

 

Барлығы:

25 қосалқы станция мен диспетчерлік пункт

 

                                    

                                                         

 

                                     

          4.Байланыс құралдары мен есептеу техникасын жаңғырту.

            Бар байланыс құралдары мен есептеу техникасы елеулі түрде жаңартылды:

      СМ-140,

      СР-140 радиостанциялары

     Шағын АТС М200 (Бағдарламамен  қамтамасыз ету)

      UPS APC/SUA 3000

      Сервистік жабдықтар(коммутатор)

     Компьютер

     Принтер

    Бұл жөндеу-пайдалану шығындарын қысқартуға және кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін  көтеруге  мүмкіндік берді.

 

5.Диагностика құралдары.

      Алынған және енгізілген аспаптар:

        -мегаомметр 2500В Е6-24

        -айнымалы ток көпірі СА-7100-2

       - іздеу жинағы КП-500К

       - мегаомметр MeggerMit 20/2

       - Өлшеуіш KEW-6016

       -микромметр МКИ-200

       - ТВЗ-ПХП аппараты

       - АИД-70Ц аппараты

       -радиодетектор RD8000PDL

 

 

      Cандық өлшеуіш KEW-6016                                            Іздеу жинағы КП-500К                

                

 

            

 

 

         АИД-70Ц аппараты                                                               ТВЗ-ПХП аппараты       

               

 Аталған сандық аспаптар электр жабдықтарын оқшаулауға бақылау жүргізу үшін моральдық тозған индукциялық  аспаптар, қысқа тұйықталу тогын өлшеуге, электр жабдықтарын жерлендіруге кедергі, алдын-ала сынаулардың орнына пайдаланылады.

Алынған аспаптар 6-7 көп қызметті өлшеуіштер паркінің орынын алмастырады, бұл энергетикалық жүйеге тән нәрсе - қашықтағы нысандармен жұмыс  кезінде өте пайдалы.Индукциялық және акустикалық тәсілмен жер асты кабель желісінің бүлінген жерін дәл табуға мүмкіндік береді, әсіресе, қала жағдайында өте маңызды- кернеудегі жерасты электр коммутация трассасын және тереңдігін анықтауға болады ал бұның өзі тұтынушыларды электрмен жабдықтауда ажыратудың қажеті жоқ болғандықтан, үзіліс жасауды болдырмайды.

 

6. Механизмдер мен арнайы автокөліктерді  жаңғырту.

           Механизмдер мен арнайы автокөліктердің паркі елеулі жаңарды:

               Телемұнара ТВ-26 а/м ЗИЛ -131-дің негізінде

               Автокран «Ивановец»16тн

               А\м УАЗ -39099(2дана)

                     Ямобур ГАЗ-3308а-м негізінде

                     Автогидрокөтергіш АГП-22м

     

 

   

     Бұл жөндеу-пайдалану шығындарын қысқартуға және электр энергиясын беру және тарату жөніндегі  электр қондырғылары мен электр беру желілеріндегі апатты- қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген кезде жұмыла кірісуді  айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді.

      2010 және 2011жылдарда бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде "АтырауЖарық" АҚ нормадан тыс(коммерциялық) ысырапты толығымен жойды.

      Тұтынушыларға электр энергиясын беру қызметінің көлемін елеулі ұлғайтты.

Мысалы, 2009жылы электр энергиясын беру көлемі 1 241 050 мың кВт/с  құраса, 2011жылы бұл-1 310 877 мың кВт/с  құрады,  бұл 2009 жылдың ұқсас көрсеткішінен 69 827 мың кВт/с  немесе 105,6% асады. 2012жылға берілетін электр энергияның күтілетін көлемі1 350 334 мың кВт/с  немесе беру көлемінің абсолютті өсімі 109 284 мың кВт/с.

   Сонымен бірге 2012 жылдың өзінде электр энергияның нормативті(техникалық) ысырабы салыстырмалы түрде 17,21% немесе 2009жылға қарағанда 2,36% төмендеуге жетеді.  

    2012жылға электр энергияның  ысырабы  абсолюттік шамасы 280 701мың кВт/с  құрайды деп күтілуде. Техникалық ысыраптың төмендеуі 2009 жылға қарағанда 50 699мың кВт/с  деңгейіне жетеді

     Бұл "АтырауЖарық" АҚ 2009жылмен салыстырғанда электр энергиясын тасымалдау кезіндегі  ысырабын өтеуге кететін шығындарының  319 404 мың теңгеге төмендетуге әкеледі.

 

 

 

 

 


 

 

                                                                                                                             

 

 

 

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.