«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Тәуелсіз салалық реттеушілердің қызметі жөнінен мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қолданысқа енгенін хабарлайды. Онда «Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын алушы заңды тұлға болып табылатын электр энергиясын тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін төлемақыны тәулік мезгілі бойынша дифференциалды тариф бойынша жүргізуге міндетті» (2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына толықтыру, 19-бабының 3-тармағы) деп айтылған.
Заңға сәйкес тұтынушылардың – заңды тұлғалардың электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен тәулік мезгілі бойынша дифференциалды тариф бойынша есеп айырысу үшін коммерциялық есептеудің сәйкесінше аспаптарымен жабдықталуы қажет.
2009 ж. 01 қаңтардан бастап заңды тұлғалар үшін тәулік мезгілі бойынша дифференциалды тариф мөлшері (ҚҚС есептемегенде) мынаны құрайды:
күндізгі тариф ( 7-00-ден 19-00-ге дейін) – 1 кВтсағ үшін 7,89 теңге,
ең жоғарғы сағаттардағы тариф (19-00-ден 23-00-ге дейін) – 1 кВтсағ үшін 16,59 теңге,
түнгі тариф (23-00-ден 07-00-ге дейін) – 1 кВтсағ үшін 2,23 теңге. |