2008ж. 01 желтоқсандағы Жамбыл МАЭС электр энергиясына босату бағасының төмендеуі туралы № 1-4-4546 Хабарламаның негізінде ҚР Үкіметінің қолданған шаралары нәтижесінде, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 2008ж. 1 желтоқсаннан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысы тұтынушыларына электр энергияға тарифтің төмендегенін хабарлайды. Заңды тұлғалар үшін тариф 1 кВтсағ үшін ҚҚС есептемегенде 7,89 теңгені құрайды. Тұрмыстық тұтынушылар үшін 1кВтсағ үшін 13%-ҚҚС есептегенде 8,92 теңгені құрайды.
Бұнымен қоса тәулік мезгілі бойынша тариф мөлшері мынаны құрайды:
Заңды тұлғалар үшін (ҚҚС есептемегенде)
· күндізгі тариф (7-00-ден19-00-ге дейін) 1кВтсағ үшін – 7,89 теңге,
· ең жоғарғы сағаттардағы тариф (19-00-ден 23-00-ге дейін) 1 кВтсағ үшін – 16,59 теңге,
· түнгі тариф (23-00-ден 7-00-ге дейін) 1 кВтсағ үшін – 2,23 теңге
тұрмыстық тұтынушылар үшін (13%- ҚҚС есептегенде)
· күндізгі тариф (7-00-ден 23-00-ге дейін) 1 кВтсағ үшін – 11,44 теңге,
· түнгі тариф (23-00-ден 7-00-ге дейін) 1 кВтсағ үшін – 2,52 теңге.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясына босату тарифының негізгі құраушысы көтерме нарығындағы электр энергия бағасы, аймақтық және аймақаралық желі бойынша тарату тарифі болып табылады.
Сондықтан, көздердегі электроэнергия бағасының өзгеруі тұтынушылар үшін тарифтің өзгеруіне алып келеді. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тариф құраушыларының кез келген өзгерістеріне шапшаң бейімделеді және осы жағдайда Жамбыл МАЭС-нан бағаның өзгеруі туралы хабарлама алған күннен бастап 2008ж. 1 желтоқсанынан тұтынушылар үшін тарифті төмендетеді.
АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өз жұмысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізеді және компанияның басты міндеті Алматы қаласы мен Алматы облысы аймақтары тұрғындарын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады |