«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушыларға 2008жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы мен Алматы облыс аумағы тұтынушылары үшін электр қуатының ҚҚС есептемегенде 1 кВт/сағ. үшін 8,29 теңге, ҚҚС есептегенде тұрмыстық тұтынушылар үшін 1кВт/сағ. 9,37 теңге тарифінің енгізілгені туралы хабарлайды.
Электр қуаты тарифінің өсуі Жамбыл ГРЭС-н электр қуатын босату бағасының 1кВт/сағ. үшін 4,5-ден 5,90 теңгеге дейін, Қырғыстан электр санциясымен 1кВт/сағ үшін 3,2 ден 5,9 теңгеге дейін өсуіне байланысты.
Тәулік мезгілі бойынша дифференциалды тарифтің төлем мөлшері, құрайды:
заңды тұлғалар үшін (ҚҚС есептемегенде):
- күндізгі тариф (7-00-ден 19-00-ге дейін) 1 кВтсағ. үшін – 8,29 теңге,
- ең жоғары сағатардағы тариф (19-0-ден 23-0-ге дейін) 1 кВт/сағ үшін – 17,15 теңге,
- түнгі тариф (23-00-ден 7-00-ге дейін) 1 кВтсағ. үшін - 2,29 теңге.
тұрмыстық тұтынушылар үшін (13% ҚҚС есептелгенде):
- Күндізгі тариф (7-00-ден 23-00-ге дейін) 1 кВтсағ. үшін - 11,95 теңге,
- Түнгі тариф (23-00-ден 7-00-ге дейін) 1 кВтсағ. үшін - 2,58 теңге.
|