«ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН» АА, 30.07.2008ж.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов алдағы жылумен қамтамасыз ету маусымында қалада жылумен қамтамасыз етуде мәселелер туындауы мүмкіндігін ескертпейді.
«Қазіргі таңда Алматыдағы қызу құрылыс жұмыстары жылумен қамтамасыз етудің 400 Гкалорий тапшылығына әкеліп соқтырды. Былтырғы күз-қыс мезгілдерінде жылумен қамтамасыз етуде іркіліс болды, сондықтан да мен қала әкімі ретінде биылғы жылы ондай іркіліс болмайды деп айта алмаймын» - деді А.Есімов сәрсенбі күнгі Алматыдағы тұрғын үй-коммуналды саласына қатысты мәселелер отырысында.
Сонымен қоса, «Алматы жылу желілері» АҚ-ң бас директоры Игорь Пирогов осы отырыста, бүгінгі күнде жылу беру маусымының басына 20% тұтынушылар дайын екенімен ақпараттандырды.
«Тұтынушы-объектілерін 2008-2009 жылдардағы күздік-қыстық жылу беру маусымына дайындық былайша: барлық тұтынушылар 13350, дайындалғаны – 2655 немесе 20%», - деп хабарлады.
Сонымен қоса ол, биылғы жылумен қамтамасыз ету маусымына республикалық бюджет пен Алматы қаласының бюджетінен былтырғы жылдағы жылумен қамтамасыз ету маусымына 3,08 млрд қарсы 4,9 млрд теңге бөлінгенін айтып өтті.
Қазақстанның ірі қалаларының бірі - Алматы қаласының тұрғыны – 1,5 млн адамды құрайды.