Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
компания жаңалықтары
02
08.08
ҚАЛАДАҒЫ БІРНЕШЕ ЭНЕРГОӨНДІРУШІ ӨНДІРІСТЕРДЕ ТӨТЕНШЕ РЕТТЕУШІ ШАРАЛАРЫН ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ - АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
  «КАЗИНФОРМ» АА, 02.08.2008ж.

Тариф  саласына    төтенше  реттеу  шараларын  енгізу  қажеттігі  туындап  отыр.  Ол  туралы  бүгін  әкімшілік  жиналысында  Астана  қаласы  әкімінің  орынбасары  Василий  Крылов  айтты,  деп  хабарлайды  Казинформ тілшісі.

Көмір,  мазут  сияқты  стратегиялық  тауарлар  бағасының  өсуіне  байланысты  кәсіпорындар   бойынша:   «Астана Энергия» - жылу  энергиясын  өндіруге;  «Астана жылутранзит»  АҚ-на  жылу энергиясымен қамтамасыз ететін қызмет  көзінен  тұтынушыға  дейін   төтенше  шараларды  реттеуші  ретінде  тарифті  өсіру  қажет,  деп  түсіндірді  астана әкімінің  орынбасары.

Сонымен  қатар, құралдар  бағасының  өсуі  және  пайдалануға қайта  енгізілген  объектілерде  жұмыскерлер  сананың  өсуіне  байланысты,  мысалға  «Қалалық электр желілері» АҚ,  «Астана су арнасы»  МКК,  «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Жылу» ГПК, «Нысана» ЖШС  сияқты  кәсіпорын  қызметтеріне  тарифті  өсіру  қажет.  «Біз  ТМРА-н  (табиғи монополияларды реттеу агенттігі)  бірге  жиналыс  өткіздік.  Бүгінгі  күні    барлық  кәсіпорындармен  тарифті  өсіруге  тапсырыс  беріліп  қойылған.  Егер  төтенше  реттеу  шаралары  енгізілмесе,  мысалға,  «Астана энергия»  жылдың  аяғына  дейін  114 млн. теңге шығынға  ұшырайды», - деді В.Крылов.

«Мәселе  келісілді  және  осы  жылдың  1 қазанынан  бастап  төтенше   реттеу  шаралары   енгізіледі  деп  жоспарланып  отыр.  Бұл  жыл  сайын  әрекет  етеді,  сондықтан  да  халыққа  ешқандай  да  мәселе  жоқ», - деді әкім орынбасары.

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.