«ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН» АА, 02.08.2008ж.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Серіктестіктердің қатысуымен үй құрылысы мәселелері жөніндегі жиналыс жүріп жатқан кезінде премьер-министр Кәрім Мәсімовтен қаладағы электр қуаты, жылу және су тапшылығынан арылу үшін қаржылық көмек көрсетуін сұрады. «Кейбір тұрғын үй объектілері қажетті техшарттарсыз салынғандығы құпия емес, сондықтан да біз бүгінгі таңда электр қуаты, жылу және су тапшылығының зардабын шегіп отырмыз», - деді А.Есімов.
«Біздің есебіміз бойынша, бұл қуаттылық тапшылық мәселелерін үш жыл көлемінде шешу үшін 50 млрд. теңгедей қажет. Мұнда мен әртүрлі қуат көздерін айтып отырмын», - деп қосты ол.
Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі – Алматыдағы халық саны 1,5 млн-н астам адамды құрайды. |