Құрметті Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары! Белгісіз біреулер өздерін энергожабдықтаушы қызметкерлері ретінде таныстырып, тұрғындардан қарызды сол жерде төлеуін талап етіп және электр энергиясын өшіреміз деп қорқытқан алаяқтық фактілері мәлім болды.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-і электр энергиясына төленетін төлемдер тек энергожабдықтаушы бөлімшелерімен банк кассаларында ғана қабылданатынын ескертеді. Алаяқтық фактілері болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз.