Архив
Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

  

 

«АтырауЭнергосату» ЖШС бойынша электрмен жабдықтау

қызметі үшін  2020 жылдың 15 тамызынан бастап қолданысқа еңгізілетін тарифтер туралы ақпарат

 

 

 «АтырауЭнергосату» ЖШС-і  ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің  Атырау облысы бойынша Департаменті Республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың 29 шілдедегі 6-03/794 және 2020 жылдың 30 шілдедегі 6-03/800   хаттарына сәйкес,  2020 жылдың 15 тамызынан  бастап электр энергиямен қамтамасыз ету қызметіне келесі тұтынушылар тобына қарай тарифтер бекітілгенін хабарлайды:

 

·         Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға      (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын басқа тұтынушылар мен заңды тұлғалар) - 1 кВт/сағ. үшін  20,64 теңге/ҚҚС-сыз.

·         Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар –1 кВт/сағ. үшін  22,66 теңге/кВт.сағ. ҚҚС-сыз.

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу үшін пайдаланатын

тұтынушыларға және «Атырау Облысы Су Арнасы» КМК  - 1 кВт/сағ. үшін  16,59 теңге/ҚҚС-сыз.

  • Электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін

қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушыларға (жеке тұлғалар) –

               1 кВт/сағ. үшін  4,73 теңге/ҚҚС-сыз.

 

Жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергияға сараланған тарифтері:

·               Жеке тұлғалар үшін бекітілген электр энергиясын тұтыну көлемінің шеңберінде тұтынылатын электр энергиясына бірінші деңгейлі тариф:

-                электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін, айына 110 КВт/сағ дейін - ҚҚС-сыз 4,49 теңге/квтсағ. (ҚҚС-мен 5,03 теңге /кВтсағ);

-                электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін, айына 90 кВт/сағ дейін - ҚҚС-сыз  4,24 теңге /кВтсағ (ҚҚС-мен 4,75 теңге /кВтсағ).

·               Жеке тұлғалар үшін электр энергиясына екінші деңгейлі тариф:

-                электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін, айына 110 кВт/сағ-тан 190 кВт/сағ-қа дейін - ҚҚС-сыз  5,68 теңге /кВтсағ (ҚҚС-мен 6,36 теңге /кВтсағ);

-            электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін, айына 90 кВт/сағаттан 170 кВт/сағатқа дейін - ҚҚС-сыз 5,68 теңге /кВтсағ (ҚҚС-мен 6,36 теңге /кВтсағ.).

·           Жеке тұлғалар үшін электр энергиясына үшінші деңгейлі тариф:

-            электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін, айына 190 кВт/сағаттан жоғары – ҚҚС-сыз 7,10 теңге/кВтсағ (ҚҚС-мен 7,95 теңге /кВтсағ);

-            электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін, айына 170 кВт/сағаттан жоғары – ҚҚС-сыз 7,10 теңге кВтсағ (ҚҚС-7,95 теңге/кВтсағ.).

 

 

 

 

 

 

 

«АтырауЭнергосату» ЖШС электр энергиясын өткізудің шекті бағаларын көтерудің себептері туралы ақпарат

 

Электр энергиясы нарығында қоғамдық маңызы бар субъекті «АтырауЭнергосату» ЖШС уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына» сәйкес 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап сату бағасын көтеру туралы хабарлама ұсынды.

2020 жылға электр энергиясын сату және сәйкесінше көздерден сатып алу көлемдері өткен жылдың фактілі мәліметтері бойынша, яғни 2018 жылдың 2 жартыжылдығы мен 2019 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша есептелген, және  2 130 245 мың кВт/сағ. құрайды.

·           Соның ішінде облыстан тыс көздерден:  ПАО «Интер РАО » (Астрахань жақтан)  72 000 мың кВт/сағ. көлемінде шартта көрсетілген мәлімет пен  2019 жылғы 25 қарашадағы ПАО «Интер РАО» мекемесінің № ИН/ПА/494 расталған хаты бойынша тариф 4,68 рубль/кВт/сағ. х 6,05 теңге  рубль үшін (22.11.2019ж. курс бойынша) = 28,31 теңге/кВт/сағ.  «МАЭК-Казатомпром» ЖШС жеткізу көлемі - 140 000 мың кВт/сағ. сәйкесінше 2020 жылға жасалған шарт пен бекітілген тариф бойынша 12,12 теңге/кВт/сағ.

Негізгі көз «АЖЭО» АҚ-нан сатып алатын қалған электр энергия көлемі

1 918 245 мың кВт/сағ. құрайды, бекітілген тариф бойынша 6,82 теңге/кВт/сағ. (ҚР Энергетика министрлігінің 14.12.18ж. №514 бұйрығындағы өзгерістерге сай).  Структурадағы орташа тариф 7,89 теңге/кВт/сағ.

·         «Атырау Жарық» АҚ қызметінің құны ҚР ҰЭМ ТМРК Атырау облысы

бойынша  департаментінің 24.11.15ж. №172-НҚ  бұйрығымен бекітілген тариф бойынша (түзетусіз) есептелген. Тариф структурасындағы үлесі 4,87 теңге/кВт/сағ.  

·           «ҚТЖ ҰК» «Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы» АҚ-ның қызметі ҚР ҰЭМ ТМРК 2015 жылғы 23 қарашадағы №447-НҚ бұйрығымен бекітілген – 19 133 мың.кВт/сағ. және 01.01.2020ж.  қолданыстағы тарифтен – 1,692 теңге/кВт/сағ.  Тариф структурасындағы үлесі 0,015 теңге/кВт/сағ.

·          «РФЦ ВИЭ» ЖШС 2020 жылға электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ет

 бойынша  шартты қызмет көлеміне берілген 01.08.2019 жылғы өтінішінен жоспарланады - 258,3МВт  және 2020 жылға бекітілген баға - 799,869 мың теңге айына.  Тариф структурасындағы үлесі 1,16 теңге/кВт/сағ.  «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының» 2-қосымшасына сай жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің есептік немесе шартты көлемі мен осы көрсетілетін қызметтің тиісті кезеңдегі нақты көлемі арасындағы айырмашылық 2019 жылға шығынға қосылған.  

·            «КЕГОК» АҚ қызметтері ҚР ҰЭМ ТМРК 21.09.2015ж.  № 388-НҚ бұйрығымен бекітіліп,  аймақ аралық желілер бойынша электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын теңгерімдеу болып табылады.    Тариф структурасындағы үлесі  0,609 тенге/кВт/сағ.

 

·         Тариф структурасында өткізу үстемеақысы  0,502 теңге/кВт/сағ. құрады.

 

Атырау облысы прокуратурасының санкциясы енгізілгенге дейінгі (13,85) келісілген көрсеткіштен 12,6% өсіп, электр энергиясының орташа сату тарифі 15,59 теңге/кВт/сағ. құрайды

 

 

Субъектінің атауы  «АтырауЭнергосату» ЖШС

 

Электр энергиясын өткізудің шекті бағаларының жобасы

 

 

тұтынушылардың тобы

 

 

Өлшем  бірлігі

Тариф

( ҚҚС-сіз)

Электр энергиясын ТЖҚ өндірісі үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін (заңды тұлғалар)

 

тенге/кВтч

 

18,89

Электр энергиясын ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеуге пайдаланатын тұтынушылар үшін (заңды тұлғалар)

 

тенге/кВтч

 

15,59

Электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді өндіруге байланысты емес, жарықтандыру және басқа да мұқтаждарына пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін арналған

 

 

тенге/кВтч

 

 

5,99

электр энергиясының орташа сату тарифі

тенге/кВтч

15,59

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде «АтырауЭнергосату» ЖШС-гі электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланбайтын тұтынушылардан   жеткізілетін электр энергиясы үшін 100% алдын-ала төлем алуды 2018 жылдың 15 мамырынан бастап тоқтататындығын хабарлайды.

 

ТМРжБҚК - Атырау облысы. Департамент «Атырау Энергосату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіның  хабарламасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Атырау Энергосату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіның электр энергиясымен жабдықтау қызметі туралы хабарламаны қарастыру бойынша жария тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды.

Жария тыңдаулар 2016 жылғы 15 сәуір, сағат 15-00-де Атырау қаласы, Д.Нүрпеисова атындағы мәдениет үйінде өтеді.

 

«АтырауЭнергосату» ЖШС-гі «Темиржол Энерго» ЖШС қызметінің тоқтатылуына және онымен жасалған электрмен жабдықтау шартының бұзылуына байланысты  тұтынушылардың  2016 жылғы 1 сәуірден бастап «АтырауЭнергосату» ЖШС-мен электрмен жабдықтау шартын жасауы қажеттігін хабарлайды.

Электрмен жабдықтау шартын жасау үшін «АтырауЭнергосату» ЖШС-нің кеңсесіне төмендегі құжаттарды тапсыру керек:

       1)  электрмен жабдықтау шартын жасау туралы арыз;

2) электр желілерінің баланстық тиесілігін шектеу және тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасы жалғанған (көпқабатты үйлерде тұратын жеке тұлғаларды есептемегендегі) тараптардың эксплуатациялық жауапкершілігі актісі;

3) электр энергиясының коммерциялық есептеу жүйесін қабылдау актісі;

4) жылжымайтын мүлікке тіркеулі құқық беретін құжат немесе электрмен жабдықтау нысанына құқық беретін құжат көшірмесі;

5) техникалық шарттар (көпқабатты үйлерде тұратын жеке тұлғаларды есептемегенде);

6) жеке басын куәландыратын құжат көшірмелері;

7) тұрғын үйде (пәтерде) тұратын тұрғындар санын растайтын құжат.

Шарт жасау сұрақтары бойынша: «АтырауЭнергосату» ЖШС-нің Махамбет көшесі, 100 мекен-жайындағы орталық кеңсесіне, телефон номері: 99-42-54; сонымен қатар №3 учаскеге («Атырау» санаториі маңында), телефон номері: 32-22-17 және №4 учаскеге («Алмагүл» ықшам ауданы, 24 үй), телефон номері: 46-74-07 – филиалдарына хабарласуыңызды сұраймыз.

 «АтырауЭнергосату» ЖШС-гі

 

             

ТМРжБҚК - Атырау облысы. Департамент жария тыңдауға шақырады

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының 2016-2020 жылдарға арналған электр энергиясын беру  және бөлу реттелетін қызметіне реттелетін қызметіне тарифті бекітуге арналған өтінімді қарау бойынша 2015 жылдың 23 қазанында сағат 10-00-де  Атырау қаласы, «Д.Нүрпеисов» мәдениет үйінде өтетін жария тыңдауға  шақырады.

 

 

ТМРжБҚК - Атырауоблысы. Департамент жариятыңдауөткізеді

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Атырау Жылу Жүйелері» АҚ-ң жылу энергиясын беру және тарату реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті бекітуге берген өтінімін қарау бойынша 2015 жылдың 23қазанында Атырау қаласы, Д.Нұрпейісова атындағы мәдениет үйінде сағат 12.00-де жария тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды.

 

 

«Атырау  жылу  жүйелері»  акционерлік  қоғамында  2014  жылға  арналған   инвестициялық  бағдарламаның  орындалуы туралы.

       Инвестициялық  бағдарламаның  қабылдануы барлық  жердегідей,   облыс  көлемінде  табиғи  монополия  субъектілерінің экономикалық ахуалын    жақсартуға, энергетика  кәсіпорындарының  тұтынушыларға  қызмет  көрсету  деңгейін  көтеруге  оң  ықпалын  тигізгендігі сөзсіз. Осы  ретте 2011  жылы  «Атырау  жылу  жүйелері»  акционерлік  қоғамында  Қазақстан  Республикасының  1998  жылғы  9  шілдедегі «Табиғи  монополиялар    және  реттелетін  нарық  туралы»  Заңының  15-3  бабына  сәйкес  2012-2014  жылдарға  арналған  инвестициялық  бағдарлама  қабылданған  болатын.

    Аталмыш  инвестициялық  бағдарламаның  мақсаты   төмендегіше  болды:

                - энергия көзін үнемдеу, құбыр  изоляциясына  озық  әдістерді  енгізу арқылы жылу энергиясының шығынын кеміту;

                -   моральдық  және  физикалық жағынан тозығы жеткен жабдықтар мен магистралды желі құбырларын жаңасымен ауыстыру арқылы  облыс  орталығындағы   тұтынушыларды жылу энергиясымен сенімді түрде қамтамасыз ету;

                - магистралды желілердің өткізу қабілетін арттыру арқылы гидравликалық режимді жақсарту және магистралды желілерге жылу энергиясының  тең бөлінуін қамтамасыз ету.

                - жылу жүйесіндегі диспетчерлендіруді жетілдіру, орталық жылу бекеттерінің жұмыс режиміне бақылауды күшейту.

   Инвестициялық бағдарлама  шеңберінде 2014 жылы жалпы құны 214 200 мың теңге болатын 6 шараны жүзеге асыру жоспарланып, ол белгіленген  мерзімде  толық  орындалды.

       Инвестициялық  бағдарламаның  орындалуы  төмендегі  таблицада  былайша  сипатталады:

 

 

Шара  атауы

2014 жыл

Жоспар (мың теңге)

Нақты (мың теңге)

1

Жылу желілерінің реконструкциясы және қайта жарақтандыру (өткізу қабілетін арттыру)

125 000

125 161

2

Насостарды  ауыстыру

17 000

17 010

3

Жылу есептегіш аспапты қондыру 

21 000

21 027

4

ГАЗ-3308 маркалы (фургон-шеберхана, 1 дана) а/к сатып алу

10 900

10 902

5

Автосамосвал сатып алу (1 дана)

5 800

5 982,1

6

Пенополиуретанды изоляция үшін реагент сатып алу

34 500

35 600

 

Жиынтығы

214 200

215 681

  

   2012-2014 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламада М3 және М2а магистралды желі байланыстыратын тозығы жеткен учаскелердегі құбырларды ауыстыру көзделген еді. Олардың жалпы ұзындығы 6479 метр (бір тұрбалы) болатын. 2012-2013 жылдарда осыдан  4279 метр жылу құбыры ауыстырылды. Ал 2014  жылы  қалған 2200 метр желіні диаметрі 325 мм-ден 530 мм-ге ауыстыру жоспарланған  болатын. Аталмыш күрделі жұмыс кәсіпорынның өз күшімен толықтай жүзеге асырылды. Сонымен  қатар жылу  құбырларының  тіректері  ауыстырылып, жылу құбырлары сыртынан мырышталған қаңылтырмен қапталды.

Бұл шараны қолға алудағы басты мақсат – осы учаскедегі желінің өткізу қабілетін арттыру және жылу желісіне түсетін салмақтың тең бөлінуін қамтамасыз ету.  Яғни салмақ көбірек түсетін Вокзал маңы мөлтек ауданын қамтитын М2а жылу магистралын М3 жылу магистралымен тең бөлісуін жолға қою. (диаметрі 700 мм). Сөйтіп осының арқасында ТК-3-ден Вокзалмаңы ықшам ауданына дейінгі магистралды желінің гидравликалық режимін қалыпқа келтіруді жағдай туды. Аталған жұмыс 2014 жылы ойдағыдай жүзеге асып, кәсіпорынның алға қойған мақсаты орындалды.

         

 

          Инвестициялық бағдарламаға  сәйкес маңызды  шараның  бірі  ретінде  орталық  жылу бекеттерінде барлығы 60 ыстық су және және жылу тасымалдағыш  насостары ауыстырылды. Қызмет істеу мерзімі өткен насостарды жаңасымен алмастыру кәсіпорын бойынша тұтынушыларды жылу энергиясымен сенімді түрде қамтамасыз етуге  оң  әсерін  тигізді. Сондай-ақ  8   орталық жылу бекеттерінде істен шыққан жүйелік су өлшегіштердің орнына 16 жаңа  есептегіш аспаптар ауыстырылып қойылды. Бұл шараны жүзеге асыру  орталық жылу бекеттеріндегі желілік судың шығынына диспетчерлік бақылауды күшейтуге, желілік судың шығыны болған жағдайда ақаулы нүктені тез табуға мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде орталық жылу бекеттерінде нормативтен тыс желілік су мен жылудың шығыны едәуір қысқартылды.

 

         

Кәсіпорында жыл санап жылу желілерін күрделі жөндеу көлемінің өсуіне байланысты және автопарк қуатын арттыру мақсатында 2014 жылы ГАЗ-3308 маркалы фургон-шеберхана және самосвал авто  көлігі сатып алынды. Бұл кәсіпорындағы  жөндеу жұмыстарының ойдағыдай жүргізілуіне өз септігін тигізетін болады.

                         

  

       Кәсіпорында  жылу  құбырының  изоляциясына  озық  технологияны  енгізу  ісіне де баса  көңіл  бөлініп  келеді. Осы  мақсатта  кәсіпорында  Қазақстанда  алғашқылардың  бірі  ретінде  1999  жылдан  бастап  жылу  құбырының  қаптамасына  пенополиуретанды  пайдалану  кеңінен  қолға  алынуда.

            Инвестициялық бағдарламаға сәйкес жылу құбырының изоляциясы үшін 22 тонна реагент сатып алынды.  Бұл ұзындығы 3 418 метр жылу құбырын  (диаметрі 530 мм)  пенополиуретанмен қаптама жасауға мүмкіндік берді. Оның 2700 метрі ертіндіні бүрку жолымен, 680 метрі  пенополиуретан  қауызымен  қапталды.

                           

                          

          Бір  сөзбен  айтқанда, «Атырау  жылу  жүйелері»  акционерлік қоғамы  бойынша 2012- 2014  жылдарға  белгіленген  инвестициялық  бағдарлама  көлеміндегі  шаралар ойдағыдай   орындалып, бағдарлама  мақсаты  толық  жүзеге  асты  немесе   облыс  орталығындағы  тұтынушыларды  жылумен  сенімді  түрде  қамтамасыз  ету  жолында   оң  қадамдар  жасалды.

 

                                                                                 

 «Атырау  жылу  жүйелері»  АҚ

 президенті                                                                                    Н.Шамшатов

                                          

Хабарландыру

«АтырауЭнергосату»  ЖШС-гі   мен   Атырау    облысы   Кусіпкерлер  палатасының  арасында  жасалған   меморандум   негізінде  11.11.14ж. бастап  электрмен  жабдықтау  шартысындағы кіші  кәсіпкерлік  субъектілерінен  алдын  ала  төлем   қабылдау   талаптарының  алынып  тасталғанын  барлық   мүдделі  тұлғалардың  назарына   жеткізетіндігін  хабарлайды.

 

                                             Ақпараттық хабарландыру

 

2015 жылдың 1- қаңтарынан бастап Атырау облысында электр энергиясына белгіленген баға(тариф) көтеріледі.

 

«АтырауЭнергосату»  ЖШС электр энергиясын тұтынушыларды   2015 жылдың             1 қаңтарынан бастап,    Атырау облысында   электр энергиясын жіберу деңгейі 13,79-тен 13,85 теңге (ҚҚС-сыз) көтерілетінін хабарлайды.

     Бұл белгіленген бағаның (тариф) өзгеруі көтерме сауда нарығында жеткізілетін электр энергиясы бағасының өсуімен, жүйелі басқарушы «КEGOC» АҚ  көрсететін қызметі құнының ұлғаюымен, "АтырауЖарық" АҚ–ның электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметіне бағаның артуымен  байланысты.

Көрсетілген электр энергиясына жіберілетін белгіленген бағаның(тариф) негізгі құрамдасы бөлшек саудада бағаның құрылуы жөніндегі қолданыстағы тәртіпке сәйкес ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінде қаралды, онда 29.12.2014ж №03/238 және 30.12.2014ж №03/248 хаттарымен 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап, мынандай белгіленген бағаны (тариф) енгізу келісілді:

 

1.1.  Келесі тұтынушылар тобына қарай:

·         Электр  энергиясын  тауар, жұмыс пен

қызмет көрсету үшін, және тұрмыстық

қажеттілікке қатысы жоқ басқа да қызметтер

үшін қолданатын тұтынушыларға      1 кВт/сағ. үшін – 17,96 теңге ҚҚС-сыз.

 

·        Электр энергияны ауылшаруашылығы

 өнімдерін өндіруге және өңдеуде

 пайдаланатын тұтынушыларға            1 кВт/сағ. үшін – тариф өзгермейді,

 

·         «Атырау Су Арнасы» МКК-ны үшін  1 кВт/сағ. үшін – тариф өзгермейді,

 

·        Электр  энергиясын          электр энергияны тауар,

 жұмыс және қызмет көрсетуде пайдалануға қатысы жоқ,

 жарық және т.б. қажеттілікте пайдаланатын

тұтынушылар үшін (халық пен елді мекендер) 1 кВт/сағ. үшін – тариф өзгермейді.

 

 

1.2. Келесі тұтынушылар тобына қарай тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған саралау тарифтерін:

 

үшзоналы

·          750 кВА және одан жоғары қуатқа қосылған өнеркәсіп және соған теңелетін тұтынушыларды есептемегенде электр энергияны тауар, жұмыс және қызмет көрсету өндірісінде (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер) пайдаланатын тұтынушылар үшін:

түнгі зона тарифі (23.00-ден 07.00 дейін) – 5,41 тенге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)

күндізгі зона тарифі (07.00-ден 19.00 дейін) – 17,96 тенге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)

кешкі тұтыну зона тарифі (19.00-ден 23.00 дейін) – 37,79 тенге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).

·           электр энергиясын ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге және өңдеуде пайдаланатын тұтынушылар және «Атырау Су Арнасы» МКК-ы үшін:

түнгі зона тарифі (23.00-ден 07.00 дейін) – өзгермейді,

күндізгі зона тарифі (07.00-ден 19.00 дейін) – өзгермейді,

кешкі тұтыну зона тарифі (19.00-ден 23.00 дейін) – өзгермейді,

 

ТОО «АтырауЭнергосату» әкімшілігі

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.