Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
жарияланымдар
03
02.17
АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ
 

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

«Атырау Жарық» акционерлік қоғамының Индер аудандық бөлімшесі, ауданның мекемелерін, өндіріс орындарын және осы ауданға қарасты елді-мекендердің барлығын сонау өткен ғасырдың 65-жылдарынан бастап  электр энергиясымен қамтамасыз етіп келеді. 1965 жылы Өрлік селосынан кернеуі 110/10кВ подстанса салынып, Көктоғай, Өрлік, Есбол ауылдары, және Жайық өзенінің қарсы бетінде орналасқан Жарсуат ауылындағы 35/10кВ Жарсуат атаулы подстанса аралығы, Жайық өзені үстінен әуе желілі өткелі тұрғызылып, кейін айналадағы ауылдар және мекеме, кәсіп-орындары тоқтаусыз  электр жарығымен қамтамасыз етілген. Сол кезден бастап  күні-бүгінге, еңбек демалысына шыққанға дейін, осы энергетика саласына көп күш жұмсаған азамат ағаларымыздың бірі Қайыров Қайдарбай ағамызға  тоқтағым келеді.

                                                        

       Қайдарбай Нұрғалиұлы   1947 жылы 25-ші наурыз айында Өрлік селосында дүниеге келген. 1965-жылы Кулагино  орта мектебін  бітірген соң, еңбек жолын ауданымыздағы сол кездегі «Передовик» совхозында жүргізушы болып бастаған. Кейін 1966-68 жылдары әскери борышын өтеп  ауылға оралады. 1972 жылы  Өрлік учаскесіне әуе желілері электрмонтері болып орналасады. Сол кезден бастап Қайдарбай ағамыз жас болса да, өзінің еңбекке деген құштарлығын көрсете біліп, өзімен бірге қоян-қолтық жұмыстас азаматтармен бірге, күндемей, түндемей, күнның ыстық-суығына қарамастан еңбекке кірісті. Сол кездегі шалғай орналасқан мал елді-мекендеріне  электр желілері және кешенді трансформаторлы стансалары тұрғызылып, электр энергиясын пайдалана бастап, егіс алқаптарына су жеткізу үшін қуатты насостар іске қосылды.

110/10кВ «Өрлік»  подстанса қондырғылары, соның ішінде  жаңадан ТФЗМ-110кВ, ЛР-110кВ, ОД-КЗ-110кВ орнатылып, жаңадан «дифференциалды релелік қорғанысы» және подстансаға келген-шыққан электрэнергиясын есептейтін құралдары орнатылды. 1999-жылы Қайдекең, Өрлік подстансасына  кезекші- электрмонтері болып ауысады. Жұмыстастарының арасында, әр қашан  өзінің пысықтығын және қай-қай жағдай болмасын, өзінің алғырлығын көрсетті біліп келді, техникалық құжаттарға және подстанса қондырғыларына кезекшілік мезгілдерде өте мұқият қарап,  артында із басып келе жатқан мамандарды үйрете білген ағаларымыздың бірі екенін дәлелінен таймады.

Елен еңбегі еленіп түрлі грамоталармен мақтау қағаздарымен, 1985 жылы Энергетика министрлігінің грамотасы мен марапатталып кейін «Атырау Жарық»  АҚ-ның 45 жылдық медалімен марапатталды. 2010-жылы еңбек демалысына шығып, жанұясында да бала-немерелерін тәрбиелеп, олардың қызығына тербеліп отыр. Баласы Еркін де, әкесінің ізімен энергетика саласының маманы жұмысын таңдап, бүгінгі күні Өрлік подстансасында кезекші-электрмонтер болып еңбек етіп келеді. Біздер энергетиктер, Қайдарбай ағамызға тек сәттілік пен мықты денсаулық тілеп,  арамызда тек ақылшы болып жүре беріңіз дегіміз келеді. Ардагерлерді ардақтау – кейінгі ұрпақ парызы.

 

 

С.Меңдігереев

Индер АЭЖ бас инженері

 

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.