Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
жарияланымдар
10
01.17
ЖАНЫМДАҒЫ ЖАЙСАҢДАР
 

ЖАНЫМДАҒЫ ЖАЙСАҢДАР

 

Мынау қым-қуат тіршілікте кездесетін қуанышта да, қиындықта да жаныңда жайсаң  жандардың жүргені ғанибет емес пе?! «Атырау жылу жүйелері» мекемесінің мақтаныш етерлік жандары, өз істерінің майталман шеберлерімен әңгімелестік.

Біздер бір ұжымда бірге еңбек етіп келе жатырғанымызға 20 жылдан асып барады. Бұл әрине аз уақыт емес. Осы «Атырау жылу жүйелері» мекемесінде осынша уақыт бірге келеміз. Ағаштан түйін түйген шеберлер Сарбаев Жасталап пен Дәуіт Шауденов, тас қалаушылар Орынбай Тұяқов, Жасұлан Қазиевтар ұжым мақтаныштары. Атырау энергетиктерінің мерекесіне орай талай марапатталған жандар. Ал Сарбаев Жасталаптың аты мерекелік Құрмет кітабына алтын әріптермен жазылғанының өзі неге тұрады.

Соңғы 2-3 жылдың ішінде қаншама игілікті істер, қаншама жылу бөлімшелерін жаңғыртып жөндедік десеңізші. Сырттары керамикалық қызыл кірпішпен қаланып, төбелері қызылды-жасылды арнайы жабындымен жабылған осы ғимараттар бүгінгі күні өз ортасына, қаламызға сән беріп тұр. Осының бәрі осы құрылысшы азаматтардың еңбегінің жемісі. Ал ішін әрлеу жұмыстарында Гүлара Ищанова, Майра Мағауина, Анар Рамазановаларға тең келер жан жоқ. Бұлар алтын қолды сылақшылар. Бөлінген құрылыс материалдарын ысырапсыз пайдалану, сапалы еңбек ету, уақытты үнемдеу –  бұлардың бұлжымас қағидалары. Сондықтан да мерекелерге орай марапаттан құр қалып көрген емес. Олар ұжымның мақтаныштары.

«Адамдар уақыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады» дейді даналар. Сол пирамиданы да осындай жайсаң жандар тұрғызған болар. Бұл ұжымның сапалы да сәулетті істері ұзақ жасайтынына мен сенемін және осылармен ұжымдас, еңбектес болғаныма қуанамын. Барша ұжымдастарыма осы өлең жолдарын арнаймын.

 

Жылылық

 

Тұрған шақта шартарабың құбылып

Түсінерсің ой жіберсең ұғынып,

Көңілдерде болмау үшін кірбіңдер

Барша жанға қажет екен жылылық.

 

Сырларына бойласаң да сұғынып

Қаша алмассың тіршіліктен тығылып,

Күн секілді нұрын шашар әлемге

Қажет екен баршасына жылылық.

 

Жолға шықсаң белді бекем буынып

Кетпеу үшін көңілдер де суынып,

Тіршіліктің тұтқасындай тұғырлы

Қажет екен баршасына жылылық.

 

Атқан шақта арайланып ақ таңдар

Жақын түгіл жатқа кінә тақпаңдар,

Бір-біріңнің көңіліңді қалдырмай

Ей адамдар жылылықты сақтаңдар!

 

Айтқанымды алғайсыңдар ұғынып

Қатал қыстан қорықпаңдар тығылып,

Көңілдердей кір түспеген қылаусыз

Біздің ұжым таратады жылылық.

                                                                                                                                               

Базарбай АЙТҚАЛИЕВ

«Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның тас қалаушысы

 

«« | »» « Артқа қарай | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.