Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТ БЕРУ ЕРЕЖЕСІ
ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТ БЕРУ ЕРЕЖЕСІ
 

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН

«АТЫРАУ ЖАРЫҚ» АҚ-ның ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСУ ҮШІН

ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТ БЕРУ ЕРЕЖЕСІ

 

  1. КІРІСПЕ
  1. Тұтынушы электр энергиясын пайдалану үшін энергия таратушы (энергия өндіруші) ұйымның қолданыстағы желілеріне қосылуы керек және энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шартын жасауы қажет.
  2. Техникалық шарт (бұдан әрі - ТШ) орындалғаннан кейін электрмен жабдықтау шарты жасалып, желіге қосылады.
  3. Тұтынушылардың электр қондырғыларын энергетика жүйесінің электр желілеріне қосу техникалық шарты мынадай жағдайларда беріледі:

1)      жаңадан пайдалануға беріліп жатырған электр қондырғыларын қосу энергия таратушы ұйым желілеріне;

2)      нысанның тұтынатын электр қуатын шарт келісіміндегі көлемнен ұлғайтуға;

3)      электрмен жабдықтаудың ішкі схемасын өзгерткенде;

4)      желілерді пайдаланушылардың электрмен жабдықтау сенімділігі категориясы өзгергенде;

  1. Иесі ауысқан жағдайда бұрын берілген ТШ(ТУ) жаңа меншік иесіне қайта ресімделеді.  

 

  1. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ӨТІНІШ ЖАСАУЫ
  1. Тұтынушы ТШ(ТУ) алу үшін (3 тармақта көрсетілген негіздемелер болған жағдайда) энергия таратушы ұйымға (бұдан әрі - ЭТҰ) нысан орналасқан жерге бару үшін өтініш береді, ЭТҰ(ЭПО) өкілдері нысанға барып, қосылу нүктесі тексерілгеннен кейін «Атырау Жарық» АҚ-ның кеңсесіне ТШ(ТУ) алу үшін өтініш береді (өтініш үлгілері осы Ереженің 1, 2, 3 қосымшаларында көрсетілген).

 

  1. ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТ БЕРУ
  1. Энергия таратушы ұйым (бұдан әрі - ЭТҰ) тұтынушының өтініші бойынша жақын тұрған қосылу нүктесін анықтайды. ЭТҰ(ЭПО) қосылу нүктесін анықтағаннан кейін өтініште көрсетілген мәліметтер бойынша (ЭЭПЕ(ППЭЭ)-не сай) осы ережеде көрсетілген мерзімде ТШ(ТУ) береді.
  2. Қосалқы тұтынушылар ТШ(ТУ)-ты тұтынушыдан ЭТҰ(ЭПО)-ның келісімімен алады.
  3. Тұтынушы тарапынан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген талаптары орындалған жағдайда ЭТҰ(ЭПО) оларды электр желілеріне қосудан, сонымен қатар электр энергиясын таратудан бас тартпайды.
  4. ТШ(ТУ)-тың әрекет ету мерзімі ҚР СН(СН РК)-ның 1.02-01-2008 жобалау нормалары, ҚР СНжЕ(СНиП РК)-нің 1.04.03-2008 құрылыс ұзақтығының нормалары талаптарына сай, бірақ үш жылдан емес мерзіммен анықталады.
  5. Иесі өзгерген жағдайда ТШ(ТУ)-ты, баланстық тиесілікті шектеу актісін, пайдалану жауапкершілігін қайта ресімдеу үшін жаңа тұтынушы арыз береді. Арыз негізінде ЭТҰ(ЭПО)-ның Перспективті даму қызметі бұрын берілген ТШ(ТУ) негіздері бойынша ТШ(ТУ)-ты қайта ресімдейді. Өндірістік техникалық қызмет теңгерiмдiк тиесiлiгiн шектеу актісі мен пайдалану жауапкершілігін қайта ресімдейді.

 

  1. ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТЫҢ МАЗМҰНЫ

11. Энергия таратушы ұйым техникалық шартта мыналарды көрсетеді:

1) белгіленген қуаты 100 килоВатт-қа (қоса алғанда) дейінгі электр қондырғыларын тұтынушыларға:

мекенін (нысанның орналасқан жерін);

қосылу нүктесін;

пайдалануға рұқсат етілген қуатты;

электр энергиясын есептеу құралын орнату және автоматты кірме ажыратқышын орнату, сондай-ақ олардың орналастырылуы талаптарын;

қосылу сипаттамасын (тұрақты, құрылыс жүргізу кезеңіне уақытша, маусымды);

2) белгіленген қуаты 100 килоВатт-тан жоғары электр қондырғыларын тұтынушыларға:

мекенін (нысанның орналасқан жерін);

қосылу нүктесін;

пайдалануға рұқсат етілген қуатты;

электрмен жабдықталушы нысанның сенімділік категориясын;

тұтынушыны электр желісіне қосуға қажетті талаптарды, соның ішінде оны күшейту (электр тарату желісі сымының қимасын ұлғайту, қосалқы станцияның трансформаторлы қуатын көбейту, қосымша ұяшықтар орната отырып, қосалқы станцияны қайта жаңарту және т.б.) талаптарын;

ұйым бойынша, қорғаныс релесі мен автоматтандыру, апатқа қарсы автоматика, диспетчерлік және технологиялық басқару, электр энергиясын есептеу, реактивті қуатты компенсациялау талаптарын;

қосылу сипаттамасын (тұрақты, құрылыс жүргізу кезеңіне уақытша, маусымды).

  1. Энергия өндіруші ұйым белгіленген қуаты 1000 килоВатт-тан жоғары электр қондырғыларын тұтынушыларға берілетін техникалық шартта мыналарды көрсетеді:

1) мекенін (нысанның орналасқан жерін);

2) қосылу нүктесін;

3) пайдалануға рұқсат етілген қуатты;

4) электрмен жабдықталушы нысанның сенімділік категориясын;

5) тұтынушыны электр желісіне қосуға қажетті, соның ішінде оны күшейту (электр тарату желісі сымының қимасын ұлғайту, қосалқы станцияның трансформаторлы қуатын көбейту, қосымша ұяшықтар орната отырып, қосалқы станцияны қайта жаңарту және т.б.) талаптарын;

6) ұйым бойынша, қорғаныс релесі мен автоматтандыру, апатқа қарсы автоматика, диспетчерлік және технологиялық басқару, электр энергиясын есептеу, реактивті қуатты компенсациялау талаптарын;

7) қосылу сипаттамасын (тұрақты, құрылыс жүргізу кезеңіне уақытша, маусымды).

 

5.      ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Техникалық шартта көрсетілген талаптардың дәлелдігіне күмән туған жағдайда тұтынушы энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптау ұйымына өтініш білдіреді. Сараптау ұйымы тұтынушының жасаған өтініші бойынша энергия таратушы ұйымға  сұрау салады, энергия таратушы ұйым сараптау ұйымы сұратқан барлық мәліметтерін ұсынады.
  2. Тұтынушы техникалық шартта көрсетілген талаптардың дәлелсіздігі туралы энергетикалық сараптама қорытындысы негізінде энергия таратушы ұйымға қайтара техникалық шарт алу үшін арыз береді.
  3. Тұтынушы техникалық шартта көрсетілген талаптарды өзгертуден қайтара бас тартылған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес  энергия таратушы ұйымның іс-әрекетіне қарсы шағымданады.

 

 

6.      ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТ ДАЙЫНДАУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Жаңадан салынған нысандарды алғаш рет ресімдеуде қажет құжаттар:

Тұрғын жай ғимараттары үшін

Тұлға мына құжаттарды жалғай отырып, ТШ(ТУ) алуға арыз береді:

1.      жылжымайтын мүлікке құқық беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

2.      жеке куәліктің көшірмесі;

3.      жерді тұрақты пайдалануға құқық беретін Актінің көшірмесі (1 тармақта көрсетілген құжат болмаған жағдайда ұсынылады);

4.      жаңадан салынып жатырған учаскелер үшін олардың ситуациялық жоспардан алынған көшірме, болса жер учаскесін зерттеу және таңдау актісінің көшірмесі.

5.       ЭТҰ(ЭПО)-ға АЭЖ(РЭС)-нің нысанға бару қорытындысы туралы хаты.

 

Тұрғын жайға жатпайтын ғимараттар үшін

Тұлға мына құжаттарды жалғай отырып, ТШ(ТУ) алуға арыз береді:

1.      жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

2.      заңды тұлғаның немесе ЖК(ИП) куәлігінің көшірмесі;

3.      СТН(РНН) туралы куәлік көшірмесі;

4.      мәлімделіп отырған қуат дәлелдемесі;

5.      жерді тұрақты пайдалануға құқық беретін актінің, немесе жер учаскесін зерттеу және таңдау актісінің көшірмелері (1 тармақта көрсетілген құжат болмаған жағдайда ұсынылады);

6.      жерді бөліп беру туралы шешімнің көшірмесі (елді мекенде жаңадан салынып жатырған учаскелер үшін міндетті);

7.      ситуациялық жоспардан алынған көшірме (елді мекенде жаңадан салынып жатырған учаскелер үшін міндетті);

8.      ЭТҰ(ЭПО)-ға АЭЖ(РЭС)-нің нысанға бару қорытындысы туралы хаты.

 

Қуатының ұлғаюы, категориясының, қосылу нүктесінің өзгеруі және т.б. жағдайларда

Тұлға мына құжаттарды жалғай отырып, ТШ(ТУ) алуға арыз береді:

1.      бұрын берілген ТШ(ТУ) көшірмесі;

2.      ТШ(ТУ)-тың орындалған тармақтары бойынша акт көшірмесі;

3.      Мемэнергияқадағалау Комитеті(КомГосэнергонадзор) берген қорытынды көшірмесі;

4.      мәлімделіп отырған қуат дәлелдемесі;

5.      енгізілетін өзгерістердің жобасы (қажетті келісімдермен);

6.      ЭТҰ(ЭПО)-ға АЭЖ(РЭС)-нің нысанға бару қорытындысы туралы хаты.

 

Техникалық шартты жаңа иесіне қайта ресімдеу 

 

1.      бұрынғы иесінің ТШ(ТУ)-ның көшірмесі;

2.      теңгерiмдiк тиесiлiгiн шектеу актісі;

3.      сатып алу-сату шарты (немесе өзге құжат);

4.      жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі.

 

Ескертпе: Тұтынушылар өтініші бойынша нысанды электр желісіне қосу мүмкіндігін аумақтық АЭЖ(РЭС) анықтап, нысандарды зерттеу қорытындысын ПДҚ(СПР)-не ұсынады. Техникалық шартты қарау үшін зерттеу қорытындысы туралы хаттың болуы міндетті.      

 

 

 

7.       ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕРУ МЕРЗІМІ

 

р/с

Әрекеттер

Жұмыс күндері

Мерзімі

1

2

3

4

1

Нысанды қосу мүмкіндігін анықтау мақсатында сол жерге баруға арыз қабылдау

Дүйсенбі

Сейсенбі

-

2

Нысанды қосу мүмкіндігін анықтау үшін сол жерге бару

Күн сайын

3 жұмыс күнінен аспайды

3

ТШ(ТУ) беруге арыз қабылдау

Бейсенбі

Жұма

 

4

Иесі өзгерген жағдайда ТШ(ТУ) пен теңгерiмдiк тиесiлiгiн шектеу және пайдалану жауапкершілігі актісін қайта ресімдеу

Күн сайын

5 жұмыс күні

5

Белгіленген қуаты 100 килоВатт-қа (қоса алғанда) дейінгі электр қондырғыларын тұтынушылар толық ақпарат ұсынған жағдайда техникалық шарт беру

Күн сайын

7 жұмыс күні

6

Белгіленген қуаты 100-ден аса 1000 килоВатт-қа дейінгі электр қондырғыларын тұтынушылар толық ақпарат ұсынған жағдайда техникалық шарт беру

Күн сайын

10 жұмыс күні

7

Белгіленген қуаты 1000 килоВатт-тан жоғары (егер желіні күшейту, қайта жаңарту талап етілмеген жағдайда) электр қондырғыларын тұтынушылар толық ақпарат ұсынған жағдайда техникалық шарт беру

Күн сайын

30 жұмыс күні

8

Белгіленген қуаты 1000 килоВатт-тан жоғары (егер желіні күшейту, қайта жаңарту талап етілген жағдайда) электр қондырғыларын тұтынушылар толық ақпарат ұсынған жағдайда техникалық шарт беру

Күн сайын

45 жұмыс күні

 

 

 

 

№1 Қосымша

Өтініш беруші: ______________

(Т.А.Ә.)

______________

(қолы)

 

«___»_______20___жыл

 

 

ТШ(ТУ) алуға өтініш

 

(белгіленген қуаты 100 килоВатт-қа (қоса алғанда) дейінгі электр қондырғыларын тұтынушыны) қосу

 

 

 

__________________________________________________________________________

(нысанның толық атауы)

 

 

__________________________________________________________________________

(мекенін, орналасқан жерін көрсету)

 

Байланыс телефондары:

__________________________________________________________________________

 

 

__________________________________________________________________________

(ТШ(ТУ) беру қажеттілігі себебін

 электрмен уақытша жабдықтау (құрылыс жүргізу кезеңінде),

тұрақты жабдықтау  үшін екендігін көрсету)

 

 

Қосымша жалғанады:

1)       нысанды ситуациялық орналастыру жоспары;

2)       меншік құқығын растайтын құжат көшірмесі;

3)       жеке куәлік көшірмесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 Қосымша

 

«БЕКІТЕМІН»

____________________

(басшының қолы)

«___»_______20___жыл

 

ТШ(ТУ) алуға өтініш

 

(белгіленген қуаты 100 килоВатт-тан астам электр қондырғыларын пайдаланып отырған тұтынушыны) қосу

__________________________________________________________________________

(нысанның толық атауы (қолданыстағы, қайта жаңартылып жатырған), мекеме тиесілігі және оның орналасқан жері)

__________________________________________________________________________

(ТШ(ТУ) беру қажеттілігі себебін

электрмен уақытша жабдықтау (құрылыс кезеңінде),

тұрақты жабдықтау  үшін көрсету)

1.      Техникалық шарт берудің негіздемесі:

__________________________________________________________________________

(Қазақстан Республикасының Электр энергиясын пайдалану ережесінің тармағын көрсету)

2.      Мәлімделген қуат және нысанның жылдар бойы электр тұтынуы.

 

Жылдар

Р,МВт

 

Э, млн.кВт.сағ.

 

 

Ағымдағы (20___ж.)

 

 

 

 

Жоспарланған (алдағы 5 жыл мерзімге)

 

 

20___ж.

 

 

20___ж.

 

 

20___ж.

 

 

 

3.      Жүктеме сипаты – тұрақты, ауыспалы, маусымды (керегінің астын сызу).

4.      Электр қабылдағыштарының электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша жалпы және ЭҚЕ(ПУЭ)-не сай жеклеген технологиялық қондырғылардың категориясы.

5.      Қосалқы тұтынушылардың тізімі мен олардың электр қондырғыларының техникалық сипаттамасы.

 

Қосымша жалғанады:

1)       нысанды ситуациялық орналастыру жоспары;

2)       ішкі электрмен жабдықтаудың қолданыстағы және болжамды схемасы (ЭТЖ(ЛЭП) ұзындығы мен сымдарының қимасын, ҚС(ПС) трансформаторларының қуаты мен саны және қаралып отырған аудан желілерінің мекеме, теңгерім тиесілігін көрсету);

3)       нысанның мәлімделген қуатын растайтын электр жүктемесінің есебі;

4)       нысанның мәлімделген қуатының өтеуін растайтын энергия өндіруші ұйымның берген құжаты;

5)       электрмен жабдықтау көзінің қоры ретінде пайдалану үшін берілген өзіне меншікті (ГТҚ(ГТУ), ДЭС(ДЭС) және т.б. қуаты көрсетілген) генерация көзі туралы ақпарат;

6)       меншік құқығын растайтын құжат көшірмесі.

 

№3 Қосымша

 

«БЕКІТЕМІН»

____________________

(басшының қолы)

«___»_______20___жыл

 

ТШ(ТУ) алуға өтініш

 

(белгіленген қуаты 100 килоВатт-тан астам электр қондырғыларын пайдаланып отырған тұтынушыны) қосу

__________________________________________________________________________

(нысанның толық атауы және оның орналасқан жері)

1.      Техникалық шарт берудің негіздемесі:

__________________________________________________________________________

(Қазақстан Республикасының Электр энергиясын пайдалану ережесінің тармағын көрсету)

2.      Мәлімделген қуат және нысанның жылдар бойы электр тұтынуы.

 

Жылдар

Р,МВт

 

Э, млн.кВт.сағ.

 

 

20___ж. (іске қосылған жылы)

 

 

 

 

(келесі кезең - 5 жыл)

 

 

20___ж.

 

 

20___ж.

 

 

 

3.      Жүктеме сипаты – тұрақты, ауыспалы, маусымды (керегінің астын сызу).

4.      Электр қабылдағыштарының электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша жалпы және ЭҚЕ(ПУЭ)-не сай жекелеген технологиялық қондырғылардың категориясы.

5.      Қосалқы тұтынушылардың тізімі мен олардың электр қондырғыларының техникалық сипаттамасы.

 

Қосымша жалғанады:

1)       нысанды ситуациялық орналастыру жоспары;

2)       ішкі электрмен жабдықтаудың болжамды схемасы (ЭТЖ(ЛЭП) ұзындығы мен сымдарының қимасын, ҚС(ПС) трансформаторларының қуаты мен саны және қаралып отырған аудан желілерінің мекеме, теңгерім тиесілігін көрсету);

3)       нысан құрылысының жоспарлануына дәлел болатын (мемлекеттік, салааралық бағдарламалар және т.б.) құжат;

4)       нысанның мәлімделген қуатын растайтын электр жүктемесінің есебі;

5)       нысанның мәлімделген қуатының өтеуін растайтын энергия өндіруші ұйымның берген құжаты;

6)       электрмен жабдықтау көзінің қоры ретінде пайдалану үшін берілген өзіне меншікті (ГТҚ(ГТУ), ДЭС(ДЭС) және т.б. қуаты көрсетілген) генерация көзі туралы ақпарат;

7)       жер учаскелерін бөлу туралы шешімдердің, актілердің көшірмелері.

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.