Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
Жылу энергиясын пайдалану ережесі
1
 

«Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ы барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдар назарына жылу энергиясын тұтынушылармен (бұдан әрі абоненттер) – заңды және жеке тұлғалармен, бюджеттік ұйымдармен және жеке кәсіпкерлермен ыссы судағы жылу энергиясын сатып алу-сату шартын (бұдан әрі Қағида) жасау үшін ҚР Азаматтық Кодексіне, электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамаға, ҚР «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы», «Электр энергетикасы туралы» Заңдарына, нормативтік-құқықтық актілерге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі №712 «Жылу энергиясын пайдалану Қағидасын бекіту туралы» қаулысы,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №1822 қаулысымен бекітілген «Коммуналдық қызмет көрсету ережелерi») сәйкес жасақталған құжаттар тізімін ұсынады.

Ыссы судағы жылу энергиясын сатып алу-сату шартын жасау үшін төмендегі құжаттар ұсынылуы тиіс:

1. Жылу энергиясын жылытуға және өндіріске қатысы жоқ басқа қажеттіліктерге пайдаланатын, жеке тұлғадағы тұтынушысы бар жаңадан беріліп жатырған және бұрыннан бар тұрғын пәтерлерді жылумен жабдықтау шарттарын ресімдеу және қайта ресімдеу шаралары мына құжаттар тізімі бойынша жүзеге асырылады:

Меншік иесі құжаттарды (көшірмелерді) жалғай отыра, «АЖЭО» АҚ-ы президентінің атына тұрғын пәтерді жылумен жабдықтау шартын жасау туралы еркін түрде арыз береді:

• жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу туралы куәлік. Куәлік болмаған жағдайда – ордер немесе сатып алу-сату шарты, не айырбастау шарты, немесе мұрагерлік құқығы туралы куәлік;

 техникалық төлқұжат (пәтер жоспары);

  тұрғын үйдің меншік иесінің үй кітабы немесе мекенжай анықтамасы;

• орнатылған жағдайда, «Атырау Су арнасы» КМК жасаған ЫСЖ есепке алу құралын қабылдау актісі;

  меншік иесінің жеке куәлігі (жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген).

1.1. Жылу энергиясын жылытуға және өндіріске қатысы жоқ басқа қажеттіліктерге пайдаланатын, жеке тұлғадағы тұтынушысы бар жаңадан беріліп жатырған және бұрыннан бар тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау шарттарын ресімдеу және қайта ресімдеу шаралары мына құжаттар тізімі бойынша жүзеге асырылады:

Меншік иесі құжаттарды (көшірмелерді) жалғай отыра, «АЖЭО» АҚ-ы президентінің атына тұрғын үйді жылумен жабдықтау шартын жасау туралы еркін түрде арыз береді:

• жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу құқығы туралы куәлік. Куәлік болмаған жағдайда – сатып алу-сату шарты, не айырбастау шарты, немесе мұрагерлік құқығы туралы куәлік;

  техникалық төлқұжат (үй жоспары);

  тұрғын үйдің меншік иесінің үй кітабы немесе мекенжай анықтамасы;

• орнатылған жағдайда - «Атырау Су арнасы» КМК жасаған ЫСЖ есепке алу құралын қабылдау актісі;

  меншік иесінің жеке куәлігі (жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген);

• «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ы берген жылумен жабдықтау техникалық шарттары, Уәлиханов көшесі, 8;

  орындауды талап ететін тармақтары болған жағдайда - жылумен жабдықтау техникалық шартының орындалғандығы туралы акті;

  «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ы берген тараптардың пайдалану жауапкершілігі мен жылу желілерінің баланстық тиесілігін шектеу акті, Уәлиханов көшесі, 8;

  жылу энергиясын есепке алу құралы болған жағдайда - құрал жиынтығының техникалық төлқұжаттары.

2. Жылу энергиясын кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғадағы тұтынушылары бар жаңадан беріліп жатырған және бұрыннан бар көп қабатты тұрғын үйлерге жапсыра салынған нысандарды жылумен жабдықтау шарттарын  ресімдеу және қайта ресімдеу шаралары:

Құжаттарды (көшірмелерді) жалғай отыра, еркін түрде «АЖЭО» АҚ-ы президентінің атына жылумен жабдықтау шартын жасау туралы арыз береді:

• құрылтай құжаттары – заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар – жарғы (ереже), БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ҚҚС қойылғандығы туралы куәлік;

• бас бухгалтердің Т.А.Ә. көрсетілген банктік деректемелер;

• болған жағдайда - электронды почта мекенжайы;

• бірінші басшының  Т.А.Ә.;

• Атырау облысының Әділет департаменті берген меншік иесі туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу туралы куәлік);

  техникалық төлқұжат;

  функциональды мақсатының өзгертілгені туралы Әкім шешімі;

  жеке кәсіпкерлерге – ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) көрсетілген жеке кәсіпкер куәлігі, жеке куәлік;

техникалық құжаттар –  

• «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ы берген жылумен жабдықтау техникалық шарттары, Уәлиханов көшесі, 8;

  орындауды талап ететін тармақтары болған жағдайда - жылумен жабдықтау техникалық шартының орындалғандығы туралы акті;

  пайдалану жауапкершілігі мен жылу желілерінің баланстық тиесілігін шектеу акті

  жылу энергиясын есепке алу құралы болған жағдайда - құрал жиынтығының техникалық төлқұжаттары

  ЫСЖ су есебін жүргізу құралы болған жағдайда – «Атырау Су арнасы» КМК-ның оны қабылдағандығы туралы акті

  жылумен жабдықтау бойынша жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық.

3. Заңды тұлғадағы тұтынушылары (басқалары) бар жаңадан беріліп жатырған және бөлек тұрған нысандарды жылумен жабдықтау шарттарын ресімдеу және қайта ресімдеу:

Құжаттарды (көшірмелерді) жалғай отыра, «АЖЭО» АҚ-ы президентінің атына жылумен жабдықтау шартын жасау туралы еркін түрде арыз береді:

• құрылтай құжаттары – заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар – жарғы (ереже), статистикалық карта,  БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ҚҚС қойылғандығы туралы куәлік;

• Атырау облысының Әділет департаменті берген меншік иесі туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу туралы куәлік);

• бас бухгалтердің Т.А.Ә. көрсетілген банктік деректемелер;

• болған жағдайда - электронды почта мекенжайы;

• бірінші басшының  Т.А.Ә.;

  жеке кәсіпкерлерге – ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) көрсетілген жеке кәсіпкер куәлігі, жеке куәлік;

техникалық құжаттар –

  техникалық төлқұжат;

  функциональды мақсатының өзгертілгені туралы Әкім шешімі;

• «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ы берген жылумен жабдықтау техникалық шарттары, Уәлиханов көшесі, 8;

  орындауды талап ететін тармақтары болған жағдайда - жылумен жабдықтау техникалық шартының орындалғандығы туралы акті;

  «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ы берген тараптардың пайдалану жауапкершілігі мен жылу желілерінің баланстық тиесілігін шектеу акті, Уәлиханов көшесі, 8;

  жылу энергиясын есепке алу құралы болған жағдайда - құрал жиынтығының техникалық төлқұжаттары

  ЫСЖ су есебін жүргізу құралы болған жағдайда – «Атырау Су арнасы» КМК-ның оны қабылдағандығы туралы акт көшірмесі

  жылумен жабдықтау бойынша жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық.

 

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.