Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы

20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және

оны жою үшiн қолданылатын шаралар

1. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi авариялық бұзылыстардың

сыныптамасын, оларды болдырмау және жою үшiн қолданылатын шараларды жүзеге асыру тәртiбiн

уәкiлеттi орган айқындайды.

2. Жүйелiк аварияларды жою үшiн жүйелiк оператор меншiк нысанына қарамастан кез келген энергия

өндiрушi ұйымдардың резервтiк қуаттарын және тұтынушылардың автономиялық қоректену көздерiн

тартады.

3. Авариялық бұзылыстарды жою үшiн қуат жетiспеген кезде жүйелiк оператордың су электр

станцияларының авариялық резервiн пайдалану үшiн гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекiтiлген

кестелерiне жедел өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.

4. Электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы өтей алмайтын теңгерiмсiздiк туындаған кезде жүйелiк

оператордың Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр тогының

нормативтiк жиiлiгiн ұстап тұру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы

бар.

21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау

1. Жүйелiк авария туындаған кезде тұтынушыларды энергиямен жабдықтау электрмен үздiксiз

жабдықтауды қажет ететiн, қызметiнiң тоқтатылуы адамдар өмiрiне қатер төндiретiн, сондай-ақ апатты

экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға әкеп соқтыратын шаруашылық инфрақұрылым

ұйымдары үшiн технологиялық себептерге орай электр қуатын авариялық бронь мөлшерiнде берудi

қамтамасыз ететiн, энергия берушi ұйымдар әзiрлейтiн схемалар бойынша жүзеге асырылады.

2. Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртiбi мен талаптарын Қазақстан

Республикасының Үкiметi бекiтедi.

3. Бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелерге авариялық бронь мемлекеттiк

мекемелердiң электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарына көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ

мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген

тәртiппен ресiмделген тиiстi банктiк кепiлдiгi болған жағдайда берiледi.

22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын

және тұтастығын қамтамасыз ету

1. Электр энергетикасының неғұрлым маңызды объектiлерiн күзетудi арнаулы әскерилендiрiлген күзет

қызметтерi немесе Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмшелерi жүзеге асырады. Мұндай

объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс

жүргізу ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

3. Энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдардың электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру мен

берудiң бiртұтас технологиялық процесiне қатысатын мүлкi бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Электр энергетикасының объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына

қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенiмдi басқаруға беру уәкiлеттi орган мен табиғи монополия

салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды алдын

ала хабардар етiп және олармен келiсе отырып жүзеге асырылады.

23-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы

туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жауапты болады.

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.