Дауыс беру
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Жоқ
Иә
Маған бәрі бір
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
  12345
6789101112
13141516171819
2021 22 23242526
2728293031
На русскомНегізгігеСайт картасы
 
Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы

3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк

реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi

1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

1) энергия т тынушыларды с ранысын барынша ана аттандыру ж не ұ ң ұ қ ғ ә электр, жылу энергиясы

нарығына қатысушылардың құқықтарын тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi

таңдау құқығына кепiлдiк беретiн нарықта бәсекелестiк жағдайлар жасау жолымен қорғау;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауіпсіз, сенiмдi және тұрақты жұмыс

iстеуiн қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және

әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың

бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады.

2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi мыналар:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi, қауіпсіз

жұмыс iстеуi мен дамуы;

2) тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын жеткiзушіні таңдау құқығы;

3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау

үшiн жағдайлар жасау;

4) электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру;

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну;

6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту;

7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту;

8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану

кезiндегi құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау;

9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;

10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы

сапасының мемлекеттiк стандарттарын белгiлеу болып табылады.

3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

1) лицензиялауды;

2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi;

3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi;

4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн,

қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттiк қадағалауды;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді қамтиды.

4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкiметi:

1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) электр энергетикасын дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлейдi;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау туралы ережесiн бекiтедi;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін белгілейді;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) үлгілік инвестициялық шартты, үлгілік келісімді бекітеді;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды

3-3) шекті тарифтерді бекітеді;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес электр энергиясын сауда-саттықтарда (аукциондарда)

өткiзiлетiн, сатып алынатын мүлiк (активтер) тiзбесiне енгiзу туралы шешiм қабылдайды.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2) электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын бақылауды

жүзеге асырады;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

4) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2006.11.04. № 136-III ұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III

ұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5) тармақша өзгертілді

5) электр ж не жылу энергиясын ндіру, беру ж не т тыну саласында ы техникалы ә ө ә ұ ғ қ регламенттерді

қоспағанда, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi

және бекiтедi;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) техникалық регламенттерді қоспағанда, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы,

жабдықтарды пайдалану сипаттамалары, энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы

ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормалары

саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

7) электр энергетикасы объектiлерiн жобалау, салу, техникалық пайдалану және олардың қауiпсiздiк

техникасы, жабдықтарды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары, табиғи монополиялар

субъектілері болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр

және жылу энергиясын жұмсау нормалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi

және бекiтедi;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларды бекітеді;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды

7-2) энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды

7-3) келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерді және инвестициялық шарттарда көзделген

инвестициялық бағдарламаларды энергия өндіруші ұйымдардың орындауына мониторинг жүргізеді;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды

7-4) энергия өндіруші ұйымдар тобын қалыптастырады;

8) 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен алып тасталды ұр.ред.қара)

9) кепiлдiк берiп жеткiзушiнi және оның жауапкершiлiк аймағын айқындау тәртiбiн бекiтедi;

10) энергетикалық сараптаманы жүргiзу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен

10-1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

10-1) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық

есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы

тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

11) электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiн жасау тәртiбiн белгiлейдi;

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) жүйелік операторды және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының

операторын белгілейді;

12) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бiртұтас электр

энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ аймақтар үшiн электр энергиясының көтерме сауда

нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;

13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау

1. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган электр энергетикасы

саласындағы қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.

2. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің

техникалық талаптарының орындалуын;

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ

тұтынушылардың электр мен жылу пайдалану құрылғыларының пайдаланылуы мен олардың техникалық

жай-күйін қадағалауды жүзеге асырады;

3) 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен алып тасталды ұр.ред.қара)

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда

жүзеге асырылады.

Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

4. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды ұр.ред.қара)

5. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды ұр.ред.қара)

6. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды ұр.ред.қара)

7. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды ұр.ред.қара)

8. Электр энергетикасы объектісінің басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшін орындау

мерзімі мен орындалуына жауапты тұлғалар көрсетілген белгіленген үлгідегі нұсқама беріледі немесе

объект басшылы ы аны тал ан б зушылы тарды жою ж ніндегі іс-шаралар ғ қ ғ ұ қ ө жоспарын оған негіздегі

әзірлейтін акт жасайды, ол мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі органға табыс

етіледі.

9. Энергетикалық қадағалау мен бақылау:

1) электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық талаптардың сақталуына;

2) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерінің сақталуына;

3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемді пайдаланылуына, оны өндіру, беру, тұтыну

режимдерін оңтайландыруға;

4) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа

дайындығына жүргізіледі.

10. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

1) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайдағы жұмысқа

дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларына қатысады;

2) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы Қазақстан Республикасының

біртұтас электр энергетикасы жүйесін бірнеше бөліктерге бөлуге, электр және жылу энергиясын

тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі электр жабдығын бүлдіруге әкеп соққан ірі технологиялық

бұзушылықтарды тексерудің есебін жүргізеді.

11. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының

заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) электр және энергия құрылғыларына қол жеткізуге;

2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ

тұтынушылардың электр жабдықтарының техникалық жай-күйін кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асыруға;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) электр және энергия құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігіне бақылауды

жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды электрмен

жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану

ережелері мен қауіпсіздік ережелерін білуіне біліктілік тексерулерін ұйымдастыруға;

4) энергетикалық объектілерде электр және жылу энергиясын қауіпсіз және ұтымды өндіру, беру, бөлу

мен пайдалану бойынша энергетикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыруға, энергияны үнемдеу

саясатының орындалуын бақылауға, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін зерттеуге;

5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде

ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыруға;

6) қадағалауындағы энергетикалық жабдыққа зерттеу жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді

тексеру кезінде және электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық

жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартуға;

7) энергияны үнемдеу бағдарламаларын, нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және

экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастыруға;

8) ұйымдардың меншік иелеріне аварияларға, жазатайым жағдайлар мен электр энергетикасы

саласындағы нормативтік құқықтық актілердің өзге де техникалық талаптарын өрескел бұзуға жол берген

кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізуге немесе Қазақстан Республикасының

электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына

сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы материалдарды тиісті мемлекеттік

органдарға жіберуге құқылы.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және

реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге

асыратын мемлекеттік органның құзыреті

Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын

мемлекеттік орган:

1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік зоналары

бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекітеді;

2) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;

3) жеке тарифті бекітеді;

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға

лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін интернет-ресурста жүргізеді, орналастырады және он күн сайын

жаңартып отырады;

5) осы Заңның 12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында көзделген

талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған

бұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;

6) осы За ны 13-бабыны 3-3-тарма ында, 18-бабыны 1-тарма ында к зделген ң ң ң ғ ң ғ ө талаптарды энергия

өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы

орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;

7) осы Заңның 12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының, 5-тармақтарында көзделген талаптарды

энергия өндіруші ұйымдар бұзған жағдайда сотқа жүгінеді;

8) осы Заңда айқындалған нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде әзірлейді, бекітеді.

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды

7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау

Электр энергетикасы саласындағы қызметтің жекелеген түрлері Қазақстан Республикасының

лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға

жол берiлмеушiлiк

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, орталық атқарушы

органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар ұйымдардың электр және жылу энергиясын

өндiру мен беруге немесе осы процестердi технологиялық басқаруға байланысты өндiрiстiк-технологиялық

қызметiне араласуға құқылы емес.

 

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

 

9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен

шағын станцияларды жобалау және салу

 

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу уәкілетті

органға, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын

мемлекеттік органға және жүйелік операторға алдын ала хабарлай отырып және олармен келісе отырып

жүзеге асырылады.

 

2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ

оларды пайдалану концессиялық келісімдер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен ұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен ұр.ред.қара) 3-

тармақ өзгертілді

 

3. Концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық

және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, шағын станциялар мен тарату құрылғылары осы

келісімдердің қолданылу кезеңінде концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және

олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

4. Концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық

және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, шағын станцияларды, тарату құрылғыларын

орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар

негізінде жүзеге асырады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылсын

 

 
Разработка сайта ISD Copyright © 2010 Атырау Энерго Сату. All Rights Reserved.